Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Банктердің онлайн жүйелері арқылы күніне орташа есеппен 2,6 млн операция жүргізілген

Банктердің онлайн жүйелері арқылы күніне орташа есеппен 2,6 млн операция жүргізілген

2020 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығында төлем карточкаларын ұстаушылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сомасы бойынша 53%-ға, ал саны бойынша 72%-ға артық, 12,3 трлн теңге сомасына 714,6 млн операция жүргізген. Қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялардың жалпы көрсеткіштегі бөлігі 2019 жылдың осындай кезеңіндегі 39%-дан 62%-ға дейін ұлғайған.

Алайда, ағымдағы жылдың сәуір айында наурыз айымен салыстырғанда төлем карточкаларын қолдана жүргізілген операциялар көлемінің 21%-ға азаюы байқалады. Қолма-қол ақшасыз жүргізілген операциялар 18%-ға, ал қолма-қол ақша шешу операцияларының көлемі 25%-ға қысқарған. Бұл елдегі карантинға байланысты енгізілген шектеулер нәтижесіндегі халық белсенділігінің азаюы себебінен болып отыр.

2020 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығындағы қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі мен саны - 7,6 млрд. теңге сомасына 615,3 млн. транзакцияны құрады. Өткен жылдың осындай уақыт аралығында бұдан екі есе аз операция жүргізілген болатын. Негізінен қолма-қол ақшасыз операциялар онлайн каналдар бойынша жасалған: банктердің онлайн жүйелері арқылы күніне орташа есеппен 48,7 млрд. теңге сомасына 2,6 млн. операция жүргізілген.

Төлем карточкаларын ұстаушылар күніне орташа есеппен 5,1 млн. қолма-қол ақшасыз және 827 мың қолма-қол ақша шешу операцияларын өткізген. Бір қолма-қол ақшасыз операцияның орташа сомасы 12 298 теңгені құраса, қолма-қол ақша шешу операцияларының орташа сомасы 47 598 теңгені құраған.