Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Банк лицензиясынан айырылды: салымшылар не істеу керек?

Банк лицензиясынан айырылды: салымшылар не істеу керек?

2020 жылғы 18 қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Tengri Bank» АҚ-тың банктік және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айырды.

Банк салымшыларының алаңдамауына болады: олардың теңгедегі және шетел валютасындағы депозиттері, сондай-ақ төлем карточкаларындағы және банктік шоттардағы ақшасы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) кепілдігінде болады.
Мысалы, Tengri Bank салымшыларының - жеке тұлғаларының 99%-ының депозиттері қордың кепілдігімен толық көлемде жабылады.
ҚДКҚ кепілдігіне не жататындығын және таратылатын банктің салымшылары қандай өтемақыға сене алатындығын естеріңізге сала кетейін.

ҚДКҚ қаражатынан кімдердің өтем алуға құқығы бар?
- жеке тұлғалар;
- жеке кәсіпкерлер.

ҚДКҚ неге кепілдік береді?

Сонымен, депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қорғауына тек банк салымдары ғана жатпайды. ҚДКҚ жеке тұлғалардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің барлық ағымдағы шоттарындағы, төлем карточкаларын қоса алғанда, ең жоғары кепілдендірілген сома шегіндегі ақшаға кепілдік береді. Айта кету керек, депозиттер бойынша есептелген де, капиталдандырылған да пайыздар кепілдікке түседі. Яғни кепілдендірудің шекті сомасын орналастырудың қажеті жоқ – қорды болашақ пайыздарға қалдырған дұрыс.
Жеке тұлғалардың металл шоттарында сақталатын қаражат, банк ұяшықтарында орналастырылған ақша мен құндылықтар, депозиттік сертификаттар кепілдікке жатпайды.

Кепілдіктердің ең жоғары сомасы қандай?
Ең жоғары кепілдік берілетін сома валютаға және депозит түріне байланысты болатынын ескеру қажет. Осылайша, ҚДКҚ мыналарға кепілдік береді:
- теңгемен жинақ депозиттер – 15 000 000 теңгеге дейін;
- жинақ депозиттерден басқа, кез келген депозиттер теңгемен – 10 000 000 теңгеге дейін;
- шетел валютасындағы депозиттер – 5 000 000 теңгеге дейін.

Кепілдік әрбір жеке адамға емес, оның ақшасы сақталатын әр банкке қолданылады. Яғни, егер Сізде бір банкте бірнеше депозит ашылған болса, есептік/ағымдағы шоттарда ақша қалса, шетел валютасында салым болса – осы банк таратылған кезде олардың бәрі жинақталады (барлық депозиттер бойынша сыйақымен бірге) және жалпы кепілдік берілген өтем сомасы депозиттің әрбір түрі бойынша шектері ескеріле отырып – 15 000 000 теңгеден аспай төленеді.
Салымшының шетел валютасындағы депозиттері бойынша ҚДКҚ банктің лицензиядан айырылған күндегі нарықтық бағам бойынша өтемақы төлейді. Кепіл берілген өтем сомасынан асатын депозиттер бойынша қалдықты банктің тарату комиссиясы өтейді, ол мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап, таратылатын банктің кредиторлар тізілімінің талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес тағайындалады.
Кепілдік берілген өтем сомасының мөлшеріне салымдар мен шоттардағы ақша ғана емес, салымшының қарыз қаражаты болса, олда әсер ететінін аса атап өту қажет. Мысалы, салымшының 10 000 000 теңге мөлшеріндегі жинақ депозиті бар, ағымдағы шоттарда 500 000 теңге мөлшерінде ақша қалды, сондай-ақ онда 2 500 000 теңге мөлшерінде өтелмеген кредиті бар. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, берешегі өтеледі, содан кейін ғана кепілдік өтем сомасы өзара есепке жазу жолымен қалыптастырылады. Сөйтіп, өтем сомасы 8 000 000 теңгеге тең болады.


2020 жылы қандай жаңалықтар енгізілді?

Егер бұрын банк дәрменсіз болған кезде, салымшылар банкті тарату бойынша сот процестерінің аяқталғандығын күту керек еді, олар түрлі себептер бойынша 3-4 айға созылатын еді, 2020 жылдың басынан бастап, заңға өзгерістердің күшіне енуіне байланысты өздерінің барлық шотынан кепілдік берілген соманы банк лицензиядан айырылған сәттен бастап 35 жұмыс күні ішінде алуға болады.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген тағы бір жаңалық депозит бойынша өтемақы кепілдігіне қатысты. Заңға түзетулер болғанға дейін салымшы депозиттің балансына қосылған капиталдандырылған сыйақы ғана өтелуге және егер бұл банк шартында көзделген жағдай да ғана тиіс болатын еді. Есептелген, бірақ капиталдандырылмаған пайыздар кепілдік объектісі болған жоқ және оларды мәжбүрлеп таратылатын банктің тарату комиссиясы өтеді. Заңға түзетулер енгізілуіне байланысты сыйақының барлық түрі, оның ішінде капиталдандырылғаны және есептелгені кепілдікке жатады және қор ең жоғары сома шегінде өтейді.


Tengri Bank салымшалары кепілдік өтемақыны қалай алуларына болады?

Төлемдер негізгі борыш және банкті лицензиядан айырған күнге есептелген сыйақы сомасы шегінде жүзеге асырылады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 17 қыркүйектегі бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік өз қызметін уәкілетті орган банктің тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жүзеге асырады. Уақытша әкімшіліктің құрамына қаржы реттеушісі және ҚДКҚ-ның өкілдері кірді. Уақытша әкімшілік банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету, активтерді анықтау, ұйымның активтеріне, міндеттемелеріне және құжаттарына түгендеу жүргізу үшін тағайындалды. Уақытша әкімшілік өз қызметінің кезеңінде активтер мен міндеттемелерді бірмезгілде басқа банкке беру мүмкіндігін бағалайды.
Заңнамалық талаптарға сәйкес банкті ұстауға, банкке түсетін ақшаны есептеуге шығыс операцияларын, сондай-ақ ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің банктік шоттары бойынша және банктің өзінің шығыс операцияларына (оның ішінде ағымдағы және депозиттік шоттар бойынша кассалық және аударым операциялары) тыйым салынған. Уақытша әкімшілік, бұдан басқа бұрын берілген кредиттер бойынша қарыз алушылардың ақшаны қайтаруын бақылайтын болады. Қарыз алушы кепілмен міндеттелген қамтамасыз етуді орындаған кезде уақытша әкімшілік жазбаша өтініш бойынша қарыз бойынша қамтамасыз ету ретіндегі мүлікті (ақшаны қоспағанда) кепіл берушіге қайтару мәселесін қарастыратын болады.
Қазақстан Республикасы Банк заңнамасының талаптарына сәйкес тараптардың келісімі бойынша банктің қаржылық жағдайын нашарлатпайтын өзгерістер енгізуді қоспағанда, бұрын банкпен жасалған шарттардың талаптарын өзгертуге тыйым салынған.
Заңнамада белгіленген барлық рәсімдер жүргізілгеннен кейін «Tengri Bank» АҚ-ның клиенттеріне басқа банктерде ашылған банктік шотқа есептеу арқылы немесе агент банк арқылы қолма-қол ақша шешу арқылы қайтару 2020 жылғы қазанның бірінші жартысында басталады деп күтілуде.

Салымшылар үшін бірқатар пайдалы фактілер:

- Лицензиядан айыру процесінен бастап агент банк (өтініштерді қабылдау және өтемақы төлеу жүзеге асырылатын жұмыс істейтін банк) арқылы бергенге дейін кепілді өтемақы төлеу уақыты 35 жұмыс күнінен аспайтынды құрайды.
- Егер банктің депозитіндегі және шоттарындағы сома ҚДКҚ кепілдіктерінің барынша жоғары сомасынан көп болса, онда банктің тарату комиссиясы арқылы ақша қаражаты қалдығын өтеуді талап ету қажет. Соңығысына дәрменсіз банктің активтерін сату арқылы қол жеткізіледі. Қағидалар бойынша өтініштерді қабылдаудың барынша қысқа мерзімі – өтініштерді қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай. Салымшылар тарату комиссиясы туралы ақпаратты және байланыс телефондарын Агенттіктің, ҚДКҚ және лицензиясынан айырылған банктің сайтынан таба алады.
- Депозит бойынша есептелген сыйақы қазір ҚДКҚ-ның қорғауына, алайда кепілдіктің барынша жоғары сомасы шегінде кіреді.