Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Интернет-төлемдерді қалай қорғауға болады

Platezhi_moshenniki_02_kz.jpg

Жаңа жылдық әбігердің қарсаңында көптеп сыйлықтар сатып алу қажет болса, уақыт пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін бірден бір шешім ол – Интернет арқылы төлемдер. Тауардың атауын терсеңіз болды, ондаған сайттардан мыңдаған ұсыныстардың легі түседі. Киім-кешек, электроника, ойыншықтар, иіс сулар, опа-далап, тоқыма, тәттілер, элиталы сусындар...

Одан хабары бар адамдар, әлбетте, мұқият болуға және алған затыңыз үшін ақы төлемес бұрын, оның сапасын, сіздің сұратуыңызға оның сәйкестігін тексеріп алуға кеңес береді. Ұлттық Банк, өз кезегінде, Интернет арқылы төлемдер жасаған кезде мұқият болып, өзіңіздің дербес және банктік деректеріңіздің конфиденциалдылығын барынша сақтауға назар аударады. Өзінің беделін бағалайтын Интернет-дүкендер, сөзсіз, сатып алынған заттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады, алайда сатып алушылар да өз тараптарынан жеке және банктік деректерін қорғау бойынша шаралар қабылдаулары тиіс.

Алаяқтардың айла-шарғылары барлығына мәлім, олар банк карталары мен шот иелерінің қамсыздығы, сенгіштігі, ұмытшақтығы, алаңғасарлығын пайдаланып, олардың алдын үнемі бір қадам орап отырады. Алаяқтар әмиянды ұрлап, телефонмен сөйлесулерді тыңдап немесе лақтырып тасталған түбіртекті тауып алып, қажетті ақпаратты оп-оңай қолға түсіре алады (мысалы, төлем карточкаларының нөмірлері, телефон нөмірлері, шот нөмірлері және мекенжайлар). Және де алаяқтар телефон, планшеттерге қол жеткізсе болды (қысқа уақытқа болсын), оларды бұзып, дербес компьютерге кіру олар үшін түкке тұрмайды.

Мобильдік құрылғылар мен компьютерлерге, сонымен қатар зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер залал келтірулері мүмкін, бұл да онда сақталатын банктік ақпаратқа - төлем карталарының, шоттардың нөмірлеріне, интернет-банкингтің парольдеріне қолжетімділік береді. Ал мұндай ақпаратты қолға түсірген алаяқ өзін картаның иесі ретінде көрсетіп, тауарлар мен қызметтер сатып алу үшін жаңа шоттар ашады немесе кредиттер алуға өтінімдер беруі мүмкін.  

Ұлттық Банк мамандарының беретін бірнеше ақыл-кеңестері мұндай жағдайларға ұшырамауға көмегін тигізеді. Интернет – алаяқтардың құрбаны болмас үшін бірнеше қарапайым қағидаларды ұстаныңыз:

  • өз компьютеріңіз бен мобильдік құрылғыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (өз картаңыз бен шоттарыңыз бойынша интернет-операциялар жүргізу кезінде веб-сайттардың ресми емес терезелері, вирусқа қарсы қорғаныс, оларды кезең-кезеңмен ауыстыра отырып, күрделі құрама парольдер және компьютер мен мобильдік құрылғыда жеке деректерді ашық түрде сақтамаңыз);
  • Интернет желісінде дербес және банктік деректерді жарияламауға тырысыңыз (форумдар, әлеуметтік желілер және т.б.);
  • бейтаныс адамдардың телефон қоңыраулары мен электрондық почталарына сенбеңіз, оларға өзіңіз туралы, өз отбасыңыз немесе өз ұйымыңыз туралы айтпаңыз;
  • Интернет желісі арқылы зат сатып алсаңыз, сіз таңдаған сайттың шын мәнінде интернет-дүкенге тиесілі екеніне және оның мекенжайы http://-ден емес https://-дан басталатынына көз жеткізіңіз;
  • беймәлім немесе күдікті мекенжайлардан келіп түскен электрондық хаттарды ашпаңыз. Хатта сіздің шотыңызға, карт-шотыңызға қандай да бір сома есептелді немесе сіз интернет-байқаудың жеңімпазы болдыңыз немесе кездейсоқ сандар жүйесі арқылы сізге таңдау түсіп, сол себепті сізге ақшалай жүлде аударылды деген хабар болса да ашпаңыз;  
  • электрондық почта, әлеуметтік желілерде немесе SMS бойынша күмәнді дереккөздерден жіберілген сілтемелерге ауыспаңыз;
  • мейрамхана немесе дүкендерде төлем жасаған жағдайда өз картаңызды кассирге немесе даяшыға берген кезде өзіңіздің банктік картаңызды көз жазбаңыз; өз түбіртегіңізді банктік шоттағы өзгерістермен салыстырып тексеріңіз;
  • өз шоттарыңыз бойынша банктердің мобильді қосымшаларындағы есептерді бақылап отырыңыз;
  • пин-кодтарды карточкалармен бірге сақтамаңыз.

Егер:

  • өз шоттарыңызда әдеттегіден тыс белсенділік байқасаңыз;
  • өз шоттарыңызға қашықтан қол жеткізе алмасаңыз;
  • сіздің картаңызға қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда дереу өз банкіңізге жүгініңіз.

Егер, құжаттарыңыз ұрланған жағдайда, жоғалған құжаттардың күшін жою және тиісті анықтамалар алу үшін дереу ХҚО-ға өтініш жасаңыз.