Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

 facebook-logo-png-impending-10.png Instagram_icon.png

App-store.pnggoogle-play-badge_ru.png

Қазақстанда «фишинг» деп аталатын қаржы махинациясы қайта пайда болды

Жақында Facebook-те қазақстандық банктердің бірінің фишинг аккаунты пайда болды, онда осы банк клиенттерінің арасында конкурс ойнатылған. Посттың астында әрбір 20-шы қатысушының жеңімпаз болатындығы көрсетілген.

 1.jpg2.jpg

  

Мұқият болыңыздар! 

Әлеуметтік желідегі жоғарыда көрсетілген аккаунт кибералаяқтардың фишинг айласы болып табылады.

Бірінші, неге назар аудару қажет – бұл аккаунттың атауы – «Home Haylk» (екінші сөздің жазылуына қараңыз) және банктің атауы – Home Банк Qazkom. Қазақстанда «Home Haylk» және «Home Банк Qazkom» деген банктер жоқ. Halyk Bank бар, оның Homebank деген қосымшасы және Facebook-те өзімізге таныс логотиппен ресми парақшасы бар.

Екіншіден, «жалған» банктің мекенжайы мен нөмірі: Киев қ., Украина, 02154, тел.: +380 63 631 0809 деп көрсетілген.

Сондықтан да Fingramota.kz сіздерден мұқият болуды және алаяқтардың арбауына түсіп қалмауды сұрайды.

Фишинг деген не? 

Фишинг – бұл интернет-алаяқтықтың бір түрі. Бұл жерде алаяқтар пайдаланушылардың конфиденциалды деректерін «қолға түсіреді». Ол үшін алаяқтар фишинг сайттар, e-mail хабарлар, қалқымалы хабарламалар, таргеттелген жарнама сияқты құралдарды пайдаланады.

Фишинг-сайттардың арбауына түссеңіз, интернет-алаяқтар әп-сәтте шотыңызды босатып алады. Бұл – қаржылық алаяқтықтың бір түрі, олар төлем карталарының деректемелерін алу мақсатында клон, мысалы, танымал интернет-дүкеннің, банк сайтының не әлеуметтік желінің клонын жасап алады. Сөйтіп сіздің мекенжайыңыз бар пошта мекенжайларының базасы арқылы оған сілтеме жасайды.

Фишинг сайттармен қалай күресуді білу үшін Интернет, оны пайдалану және ақпаратты қорғау әдістері туралы барынша білу қажет. Мәселен, егер әңгіме интернет-дүкен туралы болып отырса, онда оның мекенжайының http://-дан емес, https://-дан басталатынына көз жеткізіңіз. Тіпті, егер сіз фишингті бір көргеннен тани алмасаңыз, бастапқы қарапайым қағидалар бар, олар қаржы қақпанына түсіп қалмауға мүмкіндік береді. Бірінші, егер сіз бәрібір сайтқа кірсеңіз, неден сақтануыңыз керек – дербес деректеріңізді, яғни  CVV-кодты (картаның сырт жағындағы үш таңбалы нөмір) қоса алғанда төлем карталарының деректемелерін енгізу туралы ұсыныстан бас тартыңыз. Дәл осы кезеңде іс-әрекетті тоқтату және парольді ауыстыра отырып, сайттан жедел шығу керек.

Кибералаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін, мынадай бірнеше қағиданы есте сақтаңыз: дербес деректеріңізді ешқандай жерде көрсетпеңіз: сайттың ресімделуіне назар аударыңыз; мекенжай жолындағы сілтеменің дұрыс екенін тексеріңіз; https қорғалған қосылуын пайдаланыңыз; күмәнді хаттарды сүзгіден өткізіңіз; банктік аккаунттарға кіру үшін wi-fi-ға кірудің ашық нүктелерін пайдаланбаңыз. Конфиденциалды деректеріңізді: төлқұжат деректерін, аударым деректемелерін (әсіресе аударымның құпия кодын) ешкімге хабарламаңыз.

Не істеу керек?

·  компьютеріңіздің және мобильдік құрылғыларыңыздың (вирусқа қарсы қорғау, күрделі құрау парольдары және т.б.) қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз;

·  жеке және банк деректерін Интернетке (форумдар, әлеуметтік желілер және т.б.) жарияламаңыз;

·  белгісіз және күмәнді мекенжайлардан келген электрондық хаттарды ашпаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;

·  интернеттен сатып алу үшін жеке карта жүргізіңіз;

·  онлайн-сатып алуды жүргізудің алдында, сіз тұрған сайттың шын мәнінде интернет-дүкенге тиесілі екендігіне және оның мекенжайының http:// емес, https://-дан басталатындығына көз жеткізіңіз;

·  төлем карталарыңызға SMS-хабарламалар сервисін қосыңыз;

·  төлем карталарыңыздағы 3D-Secure функциясын ешқашан өшірмеңіз;

·  PIN-кодты карточкамен бірге сақтамаңыз, әрине оларды ешкімге айтпаңыз. Банк карточкаларыңызды үшінші тұлғаларға (тіпті туысқандарға), оның ішінде кафеде немесе мейрамханаларда төлемдер жүргізу үшін бермеңіз.

Осы қарапайым, бірақ тиімді қағидаларды сақтау ақшаңызды алаяқтардан қорғайды. Достарыңыз бен туысқандарыңыз алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін оларға ақпаратты жіберіңіз.