Размер:
AAA
Цвет: CCC
Изображения Вкл.Выкл.
Обычная версия сайта

Шопинг – онлайн: қолайлы, үнемді, заманауи

Shoping-02.jpg

Қажетті тауарларды іздестіру кезінде уақыт пен күшіңізді үнемдегіңіз келе ме және оларды жол жүру кезінде жоғалтқыңыз келмей ме? Ол үшін сізге онлайн-сауда көмектеседі және бұл үшін үйден немесе офистен шығудың қажеті жоқ. Қазіргі кезде онлайн сатып алу өмір сүру нормасы болып отыр.

Интернет – дүкендердің әдеттегі супермаркеттерден және сауда орталықтарына айырмашылығы – олар тәулік бойы, демалыссыз және түскі асқа арналған үзіліссіз жұмыс істейді, бұл тапсырысты кез келген қолайлы уақытты тіпті түнде орындауға мүмкіндік береді. Интернет – дүкендегі тауарлардың бағасы көбінесе сауда орталықтарындағы бағадан төмен болады, себебі сатушыға жалақы төлеудің, жалдау ақысын және коммуналдық қызметтер, сауда нүктелері желісін ұстап тұру үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

Сhocolife, Flip, Alibaba, Amazon немесе…

Қазақстанда электрондық коммерцияның айналымы күшеюде. Онлайн – сатып алуды Интернет – дүкен арқылы немесе мамандандырылған Интернет – алаңдарды пайдалана отырып жасауға болады. Ресми деректер бойынша ағыдағы жылдың 5 айында электрондық сауда нарығының көлемі Қазақстанда 101 млрд. теңгені немесе бөлшек сауда айналымының жалпы көлемінің 2,9%-ын құрады.

Қазіргі кезде Қазақстанның электрондық коммерция нарығында 1700 жуық Интернет – дүкен бар. Қазақстандағы ір сауда Интернет – алаңдарының бірі Сhocolife.me болып табылады, оның айналымы 2017 жылы 18 млрд. теңгеден асты. Сондай-ақ ірі электрондық сауда субъектілерінің санатына «Flip.kz» ЖШС-ны жатқызуға болады, оның айналымы 2,8 млрд. теңгені құрайды. Flip.kz пайдаланушыларына Ресей мен Қазақстаннан алынатын тауарлардың 400 мыңнан астамы атауы қолжетімді. Бұлар кітаптар, үйге арналған бұйымдар, жануарларға арналған тауарлар, кеңсе тауарларды, киімдер.

Қазақстандық пайдаланушылар арасында Alibaba, Amazon.com. сияқты Интернет – дүкендер танымал.

Қазақстанда онлайн-сауда жасайтын адамдар саны ұлғаюда. Республика аумағындағы онлайн – сатып алу көшбасшылары Алматы (44%) және Астана (21%) қалаларының тұрғындары болып табылады. Қалған өңірлерде Интернет- сатып алушылардың үлесі 3-4%-ды құрайды. Бұл ретте Интернет арқылы шампуньнен бастап ірі электроника немесе тұрмыстық техникаға дейін барынша әртүрлі өнім сатып алады. Ең танымал және Қазақстандықтар сатып алатын тауарлардың тізіліміне мыналар кіреді: әсемдікке және денсаулыққа арналған тауарлар; үйге және бақшаға арналған тауарлар; медициналық тауарлар; техника және электроника; балаларға арналған тауарлар және тағам өнімдері.

Cash немесе cards?

Электрондық сауданың ерекшелігі онлайн – сатып алу үшін ақының әртүрлі тәсілдермен жүргізілетіннен тұрады: тауарды жеткізген кезде қолма-қол ақшамен, электрондық ақшамен және төлем карточкасымен.

Төлем карточкаларын пайдалана отырып 2018 жылғы 9 айда Интернетте 538,4 млрд. теңге сомаға 93,1 млн. транзакция жүргізілді (бір жыл бұрынғы осындай кезеңмен салыстырғанда екі есе өсті). Өткен жылы бұл көрсеткіш 428,8 млрд. теңге сомадағы 76,9 млн. транзакцияны құрады.

2018 жылғы 9 айда халық электрондық ақшамен есеп айырыса отырып, 350,7 млрд. теңге сомаға тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатып алды.

Қазақстанда электрондық сауда сегменті экономикалық өсу қозғалтқыштарының бірі болып саналады. Логистика, сату, маркетинг, IT-қолдау және әзірлеу саласында жаңа жұмыс орындары пайда болуда. Тиісінше оны дамыту цифрлық технологияны пайдалану есебінен бизнес саласына және сол сияқты халықтың өмір сүру сапасына оң әсер етеді.

Салық жеңілдіктері кімге беріледі?

Электрондық сауданы тарату үшін Қазақстанда мемлекеттік қолдау шаралары қолданылады. Электрондық саудамен айналысуға ниетті адамдар үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап салық жеңілдіктері көзделген. Бұл 2023 жылға дейін табыс салығын (жеке/корпоративтік) төлеуден толық босату. Егер электрондық сауда бойынша қызметтен түсетін табыс жылдық жиынтық табыстың 90%-ын құраса, салық артықшылықтары беріледі. Сонымен қатар, тауарлар міндетті түрде Интернет арқылы өткізілуге, олар үшін ақы қолма-қол емес ақшамен төленуге және меншікті жеткізу қызметі, курьерлік компаниялар/қызметтер арқылы немесе поштамен жеткізілуге тиіс.

Салық жеңілдіктерін алуға арналған талаптардың сақталуы салық органдарына сауда субъектілері табыс ететін есептілікпен расталуға тиіс. Есептілік Салық кодексінің және арнайы қағидалардың талаптарына сәйкес жылына 1 рет, есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етіледі.

Егер есеп айырысулар туралы айтатын болсақ, онда қолма-қол емес төлемдерге тауарлар үшін ақыны тікелей Интернет желісінде электрондық ақшамен немесе төлем карточкасымен, сондай-ақ тауарлар қолма-қол жеткізілген кезде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлеу жатқызылады.

Төлемдерді төлем карточкаларын пайдалана отырып қабылдау кезінде саудагерлерден – Интернет-дүкендерден сатып алу сомасынан банктік комиссия алынады. Банктік комиссияның мөлшері банктердің тарифтік саясатына қарай әртүрлі болады. Жекелеген банктер, егер төлем карточкасын ұстаушы (жеке тұлға – сатып алушы) және Интернет-дүкен бірмезгілде олардың клиенттері болып табылса, «бөтен» банктің желісіне қарағанда, әлдеқайда төмен комиссияны белгілей алады.

«Бөтен» банктің желісінде сатып алушы мен сатушының әртүрлі банктің клиенттері болып табылатынын білдіреді. Осындай жағдайларда төлем банкаралық болып табылады және банктік комиссияның мөлшері бір банктің желісіне қарағанда жоғары белгіленуі мүмкін. Мұның себебі банкаралық төлемдерді өңдеуді банкаралық төлем жүйелері жүргізетіні болып табылады.

Кэшбек және басқа ынталандырулар

Банктік практикаға сәйкес, негізінен сатып алушы-төлем карточкасын ұстаушыдан комиссия алынбайды. Интернет-дүкеннен банк ұстайтын комиссия қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін клиенттерді одан әрі ынталандыру мақсатында пайдаланылады. Мысалы, тегін жылдық қызмет көрсету (төлем карточкаларын ұстаушылардан қызмет көрсету үшін абоненттік төлем ұсталмайды) бонустар немесе төлем карточкасын ұстаушы жасайтын транзакцияның сомасына «кэшбек» деп аталатындарды есептеу. Төлем карточкасын ұстаушылар үшін сондай-ақ әртүрлі акциялар өткізіледі.

Ұлттық Банктің есеп айырысу әдістерін жетілдіру мақсатында, электрондық коммерцияда, белсенді шаралар қабылдайтынын атап өту керек. Мәселен, ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінде реквизит - мобильдік телефонның нөмірі бойынша онлайн – төлемдер жүргізу үшін пилоттық режимде төлем сервисі іске қосылды.

Бұл сервис тауарлар үшін Интернет арқылы және сол сияқты оларды үйге жеткізген сәтте ақы төлеу үшін электрондық коммерция сегментінде белсенді пайдаланылады. Қазіргі кезде осындай мәмілелерге негізінен қолма-қол төлемдермен қызмет көрсетіледі.

Осындай сервис арқылы төлемдер жүргізуге арналған опция екінші деңгейдегі банктер тарабында ұсынылады. Мобильдік төлемдерін жүргізу мүмкіндігі үшін электрондық сауданы жүзеге асыратын тұлғалар оларға қызмет көрсететін банктерге жүгінуге тиіс. Сервистің артықшылығы электрондық сауда субъектілері үшін төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізелетін төлемдерге тән банкаралық комиссияның болмауы болып табылады. Сондай-ақ «чарджбек» деп аталатын төлемді болдырмау функциясының болмауы, яғни дүкендерге арналған төлемдер кепілдік берілген болып табылады.

Жаңа жүйеде сатушы үшін қаражатқа қолжетімділік лезде қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде ақша айналымдылығының жылдамдығы айтарлықтай көтеріледі. Тиісінше, сатушы түскен ақшаны бірден пайдалана алады. Сервис онлайн-сатып алу үшін қымбат емес қосымша арна болып табылады. Осылайша, электрондық сауданы ұйымдастыру үшін Қазақстанда барлық құқықтық жағдайлар жасалған, салықтық жеңілдіктер көзделген, қажетті төлемдік инфрақұрылым бар.