Jetu.kz – бұл қарыздарды кешенді реттеуге арналған, екі немесе одан да көп мерзімі кредиттері бар қарыз алушыларға кредиторлармен құқықтық алаңда тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін платформа. Платформа қарыз шартының/микрокредит шартының талаптарын өзгертуге өтініш беру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Платформа қарыз алушыларға бірнеше қарызды өтеуді ыңғайлы ете отырып, бірнеше қарызды бірыңғай төлем кестесіне біріктіруге мүмкіндік береді.
Егер сізге уақытша қаржылық қиындықтар туындаған болса, сот арқылы тергеп-тексеру басталғанға дейін банкпен немесе микроқаржы ұйымымен (МҚҰ) өзара тиімді шешімге келу үшін платформаға жүгініңіз.
Платформаның негізгі мүмкіндіктері:
«Бір терезе»: Бірыңғай интерфейс арқылы бір уақытта бірнеше кредиторға өтініш беру.
Заңды маңызы: Платформа арқылы берілген өтініш қарыз алушының жүгінуіне ресми мәртебе береді.
Уақыт үнемдеу: Процесс тұтастай онлайн өтеді, банктердің бөлімшелерінде кезекте тұру қажеттілігі жоқ.
Ашықтық: Сіз жеке кабинетте өзіңіздің өтініміңіздің мәртебесі мен кредитордың ресми жауабын көре аласыз.
Қарыз алушылар үшін толығымен тегін қызмет.
Jetu.kz платформасын кім пайдалана алады? Платформа төлем мерзімінің кешіктірілуін адал түрде және құқықтық алаңда реттегісі келетін қарыз алушыларға арналған.
Егер:
Банктер мен МҚҰ-да мерзімі өткен кепілсіз кредиттер/қарыздар болса;
Мерзімі өткен борыштың жалпы сомасы 300 000 тенгеден басталатын болса;
180+ уақыт бойы мерзімі өткен 2 және одан да көп шарт болатын болса;
Сіз жаңа кесте бойынша міндеттемелерді орындауға дайын болсаңыз, сіз пайдалана аласыз.
*Кредиторлар қосымша талаптар белгілеуге құқылы.
Жасап көргіңіз келе ме?
Сілтеме арқылы өтіңіз, тіркеліңіз және онлайн өтініш беріңіз: (сілтеме jetu.kz)