Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Fingramota.kz қаржы сауаттылықтығын арттыру жобасы аясында "Тұран" университетінде «Орталық (Ұлттық) банк сен байқамасаң да, сенің өміріңе қалай әсер етеді?» тақырыбында қонақ дәрісі ұйымдастырылды.
Іс-шараны «Тұран» университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі ұйымдастырды. Спикер ретінде Valor Capital Ltd инвестициялық компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі Иван Сердюк сөз сөйледі.
Қонақ дәріс барысында келесі өзекті кәсіби мәселелер қарастырылды:
- Қазақстан Ұлттық Банкінің шешімдері азаматтардың күнделікті өміріне, кәсіпкерлерге және елдің қаржы жүйесіне қалай әсер етеді;
- инфляцияның қалыптасуында, несие құны, депозиттердің кірістілігі және валюталық бағам динамикасында базалық мөлшерлеме мен ақша-кредит саясаты тетіктерінің рөлі;
- пайыздық және валюталық трансмиссия арналарының тауар бағаларына, тұтынушылық сұранысқа, қаржы нарықтарына және халықтың инвестициялық шешімдеріне ықпалы;
- валюталық интервенциялар, компаниялардың қарыздық жүктемесі және жаһандық шоктардың Қазақстан экономикасына әсері және басқа да маңызды аспектілер.
Дәріс барысында өзгермелі экономикалық жағдайда негізгі экономикалық индикаторларды бақылау және инвестициялық құралдарды таңдау жөніндегі практикалық ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Төтенше жағдайлар мен апаттардан сақтандыру не үшін қажет?
«Квику» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме
Еурохаттама дегеніміз не және оны қандай жағдайларда қолдануға болады