Fingramota.kz жобасының Qarjy Quest жаңа шығарылымында кейіпкерлеріміз Айдана мен Мадина білім жолындағы маңызды тақырыптарды талқылайды.
Айдана алдағы ҰБТ туралы ойлап, нәтижесі жайлы алаңдайды, егер қажетті балл жетпесе, оқуды ақылы негізде жалғастыруға тура келуі мүмкін екенін түсінеді.
Ал Мадина сабырлы – оның ата-анасы оған алдын ала AQYL білім беру депозитін ашқан. Жоғары білімге жолдың әр-түрлі жағдайларға байланысты болмайтынына сенімді.
Кейіпкерлер бірге AQYL бағдарламасының артықшылықтарын қарастырады:
• мемлекет жыл сайын 7%-ға дейінгі мемлекеттік сыйақы қосып отырады;
• жиналған қаражатты жоғары оқу орнына немесе колледжге төлеуге болады;
• ал егер грантқа түссең, қаражат өзіңде қалып, оны тұрғын үйге, асқа немесе оқу құралдарына жұмсауға болады.
💡 AQYL білім беру депозиті —болашаққа бүгіннен бастап жинаудың тиімді жолы. Тіпті аз мөлшерде болса да, үнемі жинақтау салушыларға сенімділік пен еркін таңдау мүмкіндігін береді.
Жаңа шығарылымды YouTube және Fingramota.kz әлеуметтік желілерінен көріңіздер.
AQYL бағдарламасы – арманыңды жүзеге асырудың алғашқы қадамы.
#Fingramota #QarjyQuest #ҚаржылықСауаттылық #AQYL #БілімДепозиті #ЖасҚаржы #БолашаққаЖол
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Төтенше жағдайлар мен апаттардан сақтандыру не үшін қажет?
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме
«Квику» микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Кредиттер мен микроқарыздар ресімдеуге ерікті түрде тыйым салу: қазақстандықтарға нені білу маңызды