Fingramota.kz-тен білім беру бейнеролигінің премьерасы!
Qarjy Quest жобасының бірінші шығарылымының тақырыбы — «Жеке бюджет: қаржыны қалай басқаруға болады».
Fingramota.kz жобасы жасөспірімдерге қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарын — жеке бюджетті басқару мен шығындарды жоспарлаудан бастап төлемдерді, жинақтауды және білімнің құндылығын түсінуге және де меңгеруге көмектеседі.
Бірінші эпизодта Айдана мен Мадина саяхаттауды армандайды, бірақ армандарының орындалуы үшін бюджеттерін жоспарлай және есептей білу керектігін түсінеді. Олар 50/30/20 ережесі туралы біледі, жинақ трекерін жүргізеді, мақсатқа жету үшін ақшаны жинауды үйренеді және жасөспірімдердің ересектер сияқты қаржыны басқара алатынын дәлелдейді.
Бейнероликтің басты ойы қарапайым: егер жоспарлай білсең — армандар жақындай түседі.
Айдана мен Мадинаның армандарын қалай қадам басып жүзеге асырғанын тамашалаңыздар.
Премьера бүгін YouTube-те және Fingramota.kz әлеуметтік желілерінде.
Сіздердің пікірлеріңіз бен комментарийлеріңізді асыға күтеміз.
#Fingramota #QarjyQuest #ҚаржылықСауаттылық #ЖекеБюджет #БалаларғаАрналғанҚаржы
Ломбард және кредит тарихы: қарыз кредитті мақұлдауға әсер ете ме
Желідегі қауіптер: алаяқтар жасөспірімдерді алдау үшін фишинг пен ойындарды қалай пайдаланады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық