Мектеп оқушылары және студенттерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклі республикалық маңызы бар қалаларда жалғастырылды

time 20.05.2022
aye 7218
Мектеп оқушылары және студенттерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклі республикалық маңызы бар қалаларда жалғастырылды

Қаржылық сауаттылық не үшін қажет? Қалта ақшасын басқаруды қалай үйренуге болады? Кибералаяқтыққа немесе қаржы пирамидаларына тап болсаңыздар, не істеу керек? Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) өкілдері Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру мектептерінде, колледждерінде және жоғары оқу орындарында өткен қаржылық сауаттылық аптасының шеңберінде мектеп оқушыларына, студенттерге және ұстаздарға айтып берді.

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында мектеп оқушыларына және студенттерге арналған дәрістер 2022 жылғы 4 – 18 мамыр аралығындағы кезеңде офлайн-форматта өтті.

Агенттіктің Шымкент қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының (бұдан әрі – ӨӨБ) қызметкерлері «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» КЕАҚ-тың 20-дан астам студентімен және оқытушылық құраммен кездесу өткізді. Спикерлер тыңдаушыларға қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздері, кредиттік жауапкершілік, барынша танымал қаржылық өнімдер мен қызметтерді пайдалану ерекшеліктері туралы айтып берді. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан қаласы мен Шымкент қаласының ӨӨБ бес білім беру мектебінің 10-15 жас аралығындағы оқушылары үшін киберқауіпсіздік бойынша тақырыптық сағаттар ұйымдастырды.

Интернет- алаяқтық тақырыбы өскелең ұрпақтың үлкен қызығушылығын тудырды. Белгілі болғандай, кейбір балалар іс жүзінде: онлайн-ойындарды сатып алу, лицензияланбаған қосымшаларды жүктеу, күмәнді ұтыс ойындарына, әлеуметтік желілердегі гиваларға қатысу кезінде алаяқтардың айла-амалдарына ұшырапты. Спикерлер жүргізген пікіртерім көрсеткендей, кейбір мектеп оқушыларының (пікіртерімге қатысқандардың 10%-ы) және көптеген студенттердің (80%) қазірдің өзінде онлайн-сатып алулар жүргізетін банк карточкалары бар, бірақ олардың барлығы фишинг шабуылдардан қалай қорғану керектігін және жеке кабинеттегі құпиясөздер,  пин-код және CVV/CVC-код туралы ақпаратты неге құпия ұстау керектігін білмеген.

Студенттерге арналған түсіндіру дәрістері Алматы қаласында да болып өтті.  Агенттіктің, ҚР Бас прокуратурасының және Rahym қоғамдық қорының өкілдері Алматы қаласының ірі жоғары оқу орындарында:  Satbayev University,   Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сияқты ірі жоғары оқу орындарында 50-ден астам студентпен кездесулер ұйымдастырды. Шағын жалпыға оқытулар қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбына арналды. Тыңдаушылар заманауи қаржы пирамидаларының қалайша түрленіп тұратыны, оларды қандай белгілер бойынша ажыратуға болатыны туралы білді, сондай-ақ   инвестициялық пирамидалардың әрекеттерінен зардап шеккендер жөнінде шынайы оқиғалар тыңдады.

Толығырақ мына бөлімде оқыңыздар

white-arrow Тізімге