Несие тарихындағы ақпаратты даулау
Егер сіз дербес несие есебіндегі (ДНЕ) қандай да бір ақпаратпен келіспесеңіз, сіз оны даулай аласыз.
Несие тарихындағы ақпаратты қандай жағдайларда даулай аласыз?
- Несие тарихында өтелген төлем бойынша ағымдағы төлем мерзімін өткізіп алу анықталған жағдайда
- Жабылған келісімшарт бойынша берешек болған кезде
- Сізге несие алаяқтық жолмен рәсімдеген жағдайда
- Дербес несиелік есепте (ДНЕ) өзіңіздің несиелік тарихыңызды алуға келісім бермеген ұйымның сұрау салуын көрген кезде.
- Дербес деректерде қате ақпарат көрсетілген жағдайда
- Егер сіздің келісім-шартыңыз "ақталған" мәртебесіне сәйкес келіп, бірақ несие тарихында мәртебе берілмеген болса.
Несие тарихындағы қате ақпаратты қалай даулауға болады?
- Сіз ақпарат жеткізушіге (кредиторға) дұрыс емес ақпаратты түзету туралы өтінішпен өз бетіңізше жүгініп, сұрау салудың орындалу барысын қадағалай аласыз;
- Немесе сіз ақпаратты даулау туралы онлайн-өтінімді Бірінші кредиттік бюроға (БКБ) жібере аласыз, онда бүкіл үдерісті сіз үшін жасап береді. Қызмет тегін.
Несие тарихындағы ақпаратты даулау үшін не қажет?
- Сізде кемінде 10 күн бұрын алынған несие туралы нақты есеп болуы тиіс. ДНЕ-ті ЭСҚ болған жағдайда, www.1cb.kz сайтында онлайн алуға болады;
- Қолданыстағы телефон нөмірі (МАБ-та тіркелу міндетті).
Даулау барысы қалай жүзеге асырылады?
- Сіз дербес несие есебін аласыз және несие тарихындағы ақпаратты даулауға өтініш жібересіз;
- Бірінші кредиттік бюро (БКБ) Сіздің өтінішіңізді 10 жұмыс күні ішінде қарастырады, оны сіз даулап отырған деректерді ұсынған ақпарат жеткізушіге (кредиторға) жібереді және нәтижені ұсынады;
- Жеткізушіден (кредитордан) алынған жауап негізінде БКБ сізге дау айту нәтижесін жібереді. Егер ақпарат жеткізуші түзетулер енгізсе, онда БКБ сізге түзетілген дербес несие есебін (ДНЕ) ұсынады НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: даулау барысының мәртебесін қадағалап, түзетілген дербес несие есебін www.1cb.kz сайтында жеке кабинетте ала аласыз. Сізге жеке кабинетте тіркеліп, дербес деректеріңізді ЭЦҚ арқылы растау қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: даулау барысының мәртебесін қадағалап, түзетілген дербес несие есебін www.1cb.kz сайтында жеке кабинетте ала аласыз. Сізге жеке кабинетте тіркеліп, дербес деректеріңізді ЭЦҚ арқылы растау қажет.