Біз туралы

Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар!

Сіз FinGramota.kz оқыту сайтына кірдіңіз, бұл – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында іске асыратын жобаларының бірі.

Бұл ақпараттық-түсіндірме сипатындағы эксклюзивті танымал материалдары, қаржы жаңалықтары, оқыту роликтері, бейнелі ақпараттық графикасы және қаржылық сауаттылық бойынша басқа да ақпараты бар бірегей алаң. FinGramota.kz сайты қаржылық сауаттылық деңгейі және қаржылық мүмкіндіктері әр түрлі ауқымды аудиторияға арналған.

Біздің міндетіміз - әр оқырманға оларды қызықтыратын әрі пайдалы болатын ақпаратты: ақшаның төлем құралы, жинақтау құралы, инвестиция ретіндегі рөлін түсінікті тілмен жеткізу. Ақпаратты жеткізудің мақала, бейнематериалдар, ақпараттық графика, анимациялық роликтер, сарапшылардың кеңес беруі сияқты түрлі тәсіліне қарамастан, біз сіздерді маңызды қаржылық оқиғалар туралы хабардар етеміз. Сіз қолда бар қаражатты қалай жұмсауға болатынын, қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтарыңызды қорғауды, қаржылық алаяқтар мен қаржылық пирамидаларға төтеп беруді, электрондық ақша әлемін игеруді, қаржылық мақсаттарға жетуді, өз кредиттік тарихыңызды даулауды және тағы басқа көптеген жағдайларды үйренесіз.

«Монета» деген сөз бізге Ежелгі Римнен жетті. «Монета» мәртебесі Юнона деген әйел құдайында болған. Оның аты латын тілінен аударғанда «ескертуші» немесе «кеңес беруші» деген ұғымдарды білдіреді. Біз де «ескертіп отыратын» және «кеңес беретін» Юнона сияқты оқырмандарымызға заманауи қаржы әлемінде дұрыс бағдар алып, сенімді болуға көмектесуге тырысамыз.

Оқыту сайтынан басқа, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 338 қаулысымен бекітілген Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде басқа да жобаларды іске асыруда.

Жобалардың бірі - «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы, ол қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау, қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша қаржы реттеушісінің халық пен бизнеспен өзара іс-қимылының ыңғайлы құралын білдіреді. Оны App Store және Play Market -те жүктеп алуға болады, сондай-ақ мобильді қосымшаның веб-нұсқасы қолжетімді.

FinGramota.kz әлеуметтік желілерде де Facebook, Instagram, YouTube, ВКонтакте, Одноклассники, Telegram бар.

Біздің аккаунттарымызға жазылыңыздар және қаржылық сауаттылығыңызды бізбен бірге арттырыңыздар!