Александр Терентьев

time 19.07.2022

Кредит – бұл ең алдымен қарыз алушы ретінде сіз белгілі бір уақыт ішінде орындауыңыз керек міндеттеме. Кредит алмас бұрын оның сізге қажеті бар-жоғы туралы ойланыңыз. Қатты қажеттілік болмаса, қарызды ресімдемеңіз.

Сондықтан, егер сіз кредитті төлей алатындығыңызға сенімді болмасаңыз, оны алмағаныңыз жөн, жеке бюджетке қосымша ауыртпалық түсірмеңіз! 

Қарызды төлегеннен гөрі алу оңай.

Банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) бармас бұрын, үзіліс жасап, қаржылық жағдайыңызды нақты бағалаңыз. Кредиттік міндеттемелерді орындамаған кезде ықтимал проблемаларға тап болмас үшін импульсивті шешімдер қабылдамаңыз. 

Барлық тәуекелдерді саралаңыз.

Мысалы, егер сіз жұмыссыз қалсаңыз немесе аурудың салдарынан уақытша мүгедек болсаңыз және т.б., кредит бойынша төлемді уақтылы төлей аласыз ба? 

Борыш жүктемесінің коэффициенті туралы еске салғым келеді, қарыз алушы өз кірістерін бағалауы керек. Ай сайынғы төлем кірістердің 50%-ынан аспайтын қарыз деңгейі қауіпсіз болып табылады. Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төлегеннен кейін сізде ағымдағы шығыстар мен жеке қажеттіліктерді өтеу үшін қаражат болуы керек. 

Ең бастысы, ешқашан кредиттік шартқа оның талаптарын оқымай қол қоймаңыз.

Шартты өзіңізбен бірге алып, оны тыныш жағдайда мұқият зерделей аласыз. Сізге түсініксіз тармақтарды сіз кездесу кезінде банк немесе МҚҰ қызметкерімен талқылай аласыз. Егер сіз шартқа қол қойсаңыз, бұл оның барлық талаптарымен автоматты түрде келісетіндігіңізді білдіреді.

white-arrow Тізімге