Кредит – сыйлық емес. Қайтаруды кейінге қалдырмаған дұрыс
Кредитті қайтару – бұл өте жауапты үдеріс және отбасылық бюджет үшін сынақ. Банк айыппұлдар мен өсімпұлды есептемес үшін шарттың барлық талаптарын сақтау маңызды. Мерзімі өткізілген әрбір күн борыштың ұлғаюына әкеледі және сіздің кредиттік тарихыңызды нашарлатады.
Өтеу әдісі: кредит бойынша төлеу қалай тиімді?
Кредит ресімдеу кезінде банк менеджері сізге оны өтеудің түрлі нұсқаларын ұсынады. Барлығы екі өтеу түрі бар – аннуитеттік және сараланған.
Аннуитеттік төлем кредиттеудің бүкіл мерзіміне созылатын тең айлық төлемдерді білдіреді. Сомаға: несиелік берешектің бір бөлігі, есептелген пайыз, банктің қосымша комиссиялары мен алымдары кіреді. Бұл ретте кредитті өтеудің бірінші айлары (немесе жылдары) төлемнің басым бөлігін – пайыздарды, ал аз бөлігін – негізгі борыштың өтелетін бөлігін құрайды. Кредиттеудің соңына қарай тепе-теңдік өзгереді: басым бөлігі негізгі кредитті өтеуге, аз бөлігі – пайыздарға жұмсалады. Төлемнің бұл түрі көп емес тұтынушылық кредиттер үшін қолайлы: сіз төлем сомасын нақты білесіз және бюджетті алдын ала жоспарлайсыз.
Сараланған төлем - кредиттеу мерзімі ішінде теңбе-тең азаятын теңдей емес ай сайынғы төлемдер. Төлемнің ең көп бөлігі — мерзімнің бірінші ширегінде, ең азы — төртінші ширегінде жүргізіледі. «Орта» төлемдер әдетте аннуитеттегі сияқты. Ай сайын негізгі борыш теңдей үлеске азаяды, пайыз болса берешектің қалдығына есептеледі. Сондықтан транш сомасы төлемнен төлемге өзгереді.
Бұл тәсіл ұзақ мерзімді кредиттер үшін жақсы және банкке төленетін пайыздар бойынша төлемді үнемдеуге мүмкіндік береді.
Біз Ұлттық Банк сайтының калькуляторында жылдық тиімді өтеу мөлшерлемесі 33% және банк комиссиясы 0 теңге 6 айға берілген 300 000 теңге болатын кредитті өтеудің екі түрін есептедік.
|
Аннуитеттік төлемдер | Дифференциалды төлемдер | |
---|---|---|---|
|
Айсайынғы төлемақы | Ең үлкен ай сайынғы төлем | Ең аз ай сайынғы төлем |
|
54 921.25 теңге | 58 250.00 теңге | 51 375.00 теңге |
Төлемге барлығы | 329 527.49 теңге | 328 875.00 теңге |
Төменде - жылдық тиімді өтеу мөлшерлемесі 18% және банк комиссиясы 0 теңге 10 жылға 10 000 000 теңге болатын кредит бойынша есептеу келтірілген. Сараланған төлемдер кезінде сіз банкке аз төлейтініңіз анық.
|
Аннуитеттік төлемдер | Дифференциалды төлемдер | |
---|---|---|---|
|
Айсайынғы төлемақы | Ең үлкен ай сайынғы төлем | Ең аз ай сайынғы төлем |
|
180 185.20 теңге | 233 333.33 теңге | 84 583.33 теңге |
Төлемге барлығы | 21 622 223.88 теңге | 19 075 000.00 теңге |
Кредитті төлеуге байланысты проблемалар: оның жолы бар
Әр адамдың өмірінде төтенше жағдай туындауы мүмкін: жұмысты жоғалту, оқыс жағдай, жазатайым оқиға, денсаулыққа байланысты проблемалар немесе отбасылық қиындықтар. Осының нәтижесі ретінде – кредит бойынша айлық жарнаны төлеу үшін ақшаның болмауы. Өзіңізді осындай жағдайдан сақтандыру үшін резервтік қор құруды ойластырыңыз, онда кредит бойынша екі немесе үш айлық төлемдерге тең сома болуға тиіс.
Егер резерв болмаса, дереу банкпен байланысып, менеджермен келісуге дайындалыңыз. Банк эмоцияларға сенбейді, бірақ фактілерді қарайды: жұмыстан босату туралы бұйрықты немесе емханадан анықтаманы көрсетіңіз. Шындықты айтыңыз: егер сіз жұмысқа келесі айдан бастап шығатын болсаңыз, жұмысқа орналасу туралы жаңа шартты көрсетіңіз және 2 айдан соң төлем жасауды бастайтындығыңызға уәде беріңіз.
Егер сіз осы уақытқа дейін кредитті мерзімінде төлеп келсеңіз, онда банктің сізге мүмкіндік беріп, төлемдерді кейінге қалдыруды ұсынуының ықтималдығы көбірек. Банк берілген ақшаның қайтарылуына мүдделі. Бастысы қашпасаңыз болды, мерзімінің кейінге қалдырылуын және тұрақсыздық айыбының есептелгенін тосып жүрмеңіз.
Мен кредит үшін ақша төлеп жүрген жоқпын: не болады?
Егер сіз кредит бойынша міндеттемелерді төлемесеңіз, онда банк заңда және банктік қарыз шартында жазылған шараларды қабылдайды. Мысалы, сіз кредит бойынша ақы төлеуді тоқтатыңыз және банктің қоңырауына жауап бермейсіз. Онда мынадай жағдай орын алады:
Кредитті өтеу бойынша нені білген жөн:
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Франкфурт аукционы: не білу қажет?
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері