Қарыз алушылардың ақы төлеу мерзімі өтіп кеткен жағдайда не істеу қажет



1 қазан 2021

Банктердің және микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушының проблемалық берешегін реттеуінің бірыңғай құқықтық режимін енгізу бөлігінде Банктер және банк қызметі, сондай-ақ микроқаржылық қызмет туралы заңдарға түзетулер күшіне енді.

2021 жылғы 24 мамырда Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғанын естеріңізге саламыз.


20 күн

Дәл осындай мерзімде, реттеудің жаңа тетігіне сәйкес, банктер мен МҚҰ қарыз алушыны төлем мерзімін кешіктіргені туралы хабардар етуге міндетті. Хабарламада кредиторлар сондай-ақ туындаған төлем мерзімін кешіктірудің нақты мөлшерін көрсете отырып, төлемдер енгізу қажеттігі туралы азаматтарды хабардар етуге, олардың банкке немесе МҚҰ-ға жүгіну құқығы және кредиттер мен микроқарыздар бойынша өз міндеттемелерін орындамау салдары туралы айтуға тиіс.


30 күн

Төлем мерзімін кешіктіру басталған күннен бастап қарыз алушылар жазбаша өтінішпен немесе кредиттік шартта жазылған өзге де тәсілмен қарыздарды қайта құрылымдау үшін кредиттік ұйымға өтініш жасауға тиіс. Өтініште төлем мерзімін кешіктірудің туындауы неге байланысты екендігін көрсету, ықтимал қайта құрылымдаудың өз нұсқаларын ұсыну және кірістерді төмендету және өз міндеттемелері бойынша төлеудің мүмкін еместігін куәландыратын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.

Қарыз берушінің өтінішін банк және МҚҰ міндетті түрде қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс. Толық мәліметтер берілмеген кезде қарыз алушы оларды 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.


15 күн

15 күнтізбелік күн ішінде кредиттік ұйымдар және МҚҰ жауап беруге, атап айтқанда қарыз алушы ұсынған банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістерді қабылдай отырып, келісім беруге тиіс, банктік қарыз/микрокредит шартының талаптарына өзгерістер бойынша өзінің ұсыныстарын беруге немесе себептердің уәжді негіздемелерін көрсете отырып, бас тартуға тиіс.

Қарыз алушы немесе кредитор ұсынған қайта құрылымдау талаптары: сыйақы мөлшерлемесін төмендету, төлемді кейінге қалдыру, өтеу әдісін өзгерту, қарыз мерзімін ұлғайту, борыш жүктемесін азайту (мерзімі өткен негізгі борыш, сыйақы, айыпақы және төлемдер мен комиссиялардың өзге де түрлері), ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті дербес өткізу немесе кепіл мүлкін кредиторға беру жолымен кейінге қалдыруды ұсыну, сатып алушыға міндеттемені берумен жылжымайтын мүлікті өткізу түрінде болуы мүмкін. Сондай-ақ шарттың талаптарына өзгерістер енгізу банк осындай шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде жүзеге асырылады.

егер ымыраға келу жолы табылмаса?

Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Бұл ретте қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтінішін және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбегенін растауды міндетті түрде ұсынуға тиіс. Агенттік өз өкілеттіктері шеңберінде кредиторға қатысты құжаттамалық тексеру жүргізеді және тексеру іс-шаралары аяқталғаннан кейін кредиттік ұйымның әрекетіне баға береді.

Осы кезеңде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге қойылған мүлкін өндіріп алу рәсімдерін бастауға құқылы емес.


Кредит – бұл үлкен жауапкершілік!

Болашақта мұндай проблемалардың болмауы үшін кредиттер мен микроқарыздарды ресімдеу мәселелеріне барынша ойланып, әрі мұқият қарау керек. Қарыз алушы кредиттің жауапкершілік екенін және кез келген кредитті қайтару қажеттілігін нақты түсінуге тиіс. Мұның барлығын кредит ұйымына хабарласпас бұрын өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді бағалау кезінде ескеруіңіз қажет. Сондай-ақ борыш жүктемесінің коэффициенті туралы еске саламыз, яғни қарыз алушының ай сайынғы төлемі оның ресми табысының жартысынан аспауға тиіс.

Жағдайды оң тұрғыдан шешу қарыз алушының ғана емес, сонымен қатар кредитордың да мүддесі үшін екендігін есте сақтаңыз. Сондықтан қарызды қайта құрылымдау сияқты мәселені реттеу бойынша шаралар неғұрлым ерте қабылданса, соғұрлым екі тарапқа да қолайлы нұсқа табылады.

white-arrow Тізімге