Мемлекет басшысының төтенше жағдайлар аудандарында барлық зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірлесіп, зардап шеккен азаматтар мен бизнес субъектілеріне кредиттерді өтеуді кейінге қалдыру жөніндегі шараларды іске асыруда.
Кредиттер бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігі жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендерге жатқызылған азаматтарға, шағын және орта бизнес субъектілеріне беріледі. Сондай-ақ, банктер мен МҚҰ азаматтардың кредиттерді қайта құрылымдауға өтініштерді дербес түрде қашықтан беруіне арналған онлайн-сервистерді іске асырды.
Төлем мерзімін кейінге қалдыру төлемдерді 3 ай мерзіміне (ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап ағымдағы жылғы 30 маусымға дейін) тоқтата тұру арқылы ұсынылады, бұл уақытта айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.
Бүгінгі күні төлем мерзімін кейінге қалдыру 49,6 млрд теңге сомасына кредиттері бар зардап шеккен 66,4 мың азаматқа берілді.
Бизнес субъектілеріне қатысты банктер мен МҚҰ су тасқынының қарыз алушының қаржылық және шаруашылық қызметіне әсеріне жеке талдау жүргізеді. Бүгінгі күні кредиттік ұйымдарға зардап шеккен 581 бизнес субъектісіне қатысты мәліметтер берілді, оның ішінде 1,8 млрд теңге сомасына кредиттер бойынша жиынтық берешегі бар 68 қарыз алушының төлем мерзімі кейінге қалдырылды. Қалған зардап шеккен бизнес субъектілері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.
Агенттік банктердің және МҚҰ-ның су тасқынынан зардап шеккен халық пен бизнестің кредиттері бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру мониторингін жалғастырады.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма