Алматыда аға буын азаматтары үшін қаржылық сауаттылық және алаяқтық схемалардан қорғау бойынша семинарлар циклі басталды. Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі, Halyk Bank және Halyk Finance қолдауымен ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні алаяқтар телефон қоңыраулары мен хабарламаларын ғана емес, сол сияқты заманауи технологияларды да белсенді қолдануда. Жалған инвестициялық ұсыныстар, жалған әлеуметтік төлемдер, жалған сайттар және тіпті дипфейктер күнделікті алаяқтық схемалардың бір бөлігіне айналуда. Әсіресе, олардың құрбандары әрдайым тез өзгеретін цифрлық ортаға бейімделе алмайтын аға буын азаматтары болып табылады.
Аға буын азаматтарына алаяқтық схемаларды тануға, өздерінің дербес деректерін қорғауға және заманауи қаржы сервистерін қауіпсіз пайдалануға көмектесу үшін мемлекеттік органдар, қаржы секторы өкілдерінің және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшылардың қатысуымен білім беру семинарларының циклі іске қосылды.
Алғашқы семинар Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының алаңында өтті және қаржылық қауіпсіздік және өз жинақтарын қорғау мәселелеріне мүдделі қатысушыларды жинады. Іс-шараны ашқан Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Сәуле Бекетаева мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті, себебі бүгінгі күні қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік кез келген жастағы адамдар үшін қажетті дағдыларға айналуда.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасының жетекшісі Айгүл Қанатбаева желілік бизнес, инвестициялық жобалар және жылдам табыс табу бағдарламалары ретінде жасырылған кең таралған алаяқтық схемалар туралы айтып берді. Қаржы пирамидаларының белгілері мен ақшаны жоғалтпауға көмектесетін ережелерге ерекше назар аударылды.
Жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын пайдаланумен байланысты жаңа қауіптер туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсылық Мырзахан айтып берді. Қатысушылар алаяқтардың адамның дауысы мен бейнесін қалай қолдан жасайтынын және бүгінгі күні ақша аудару немесе жеке деректерді беру туралы өтініштерге қатысты кез келген ақпаратты қайта тексеру неліктен маңызды екенін білді.
Halyk Bank Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл департаментінің директоры Айбек Оспанов дербес және банктік деректерді қорғау туралы айтты. Ол бүгінгі күні қаржылық алаяқтықтың қандай схемалары жиі кездесетінін және банктік қызметтер мен цифрлық қаржылық қызметтерді пайдалану кезінде нені ескеру керектігін түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушылар сарапшыларға қызықтырған сұрақтарын қойып, алаяқтықтың нақты жағдайларын талқылап, өз қаржысы мен жеке ақпаратын қорғау бойынша практикалық кеңестер алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта семинарлар циклінің ауқымын еліміздің басқа өңірлерінде кеңейту және өткізу жоспарлануда, осылайша аға буын азаматтары заманауи алаяқтық схемалардан қорғау үшін қажетті білім мен дағдыларға ие болады.
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған жадынама: «Коллекторлық агенттіктермен қалай өзара іс-әр...
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қаржы пирамидаларынан дипфейктерге дейін: егде жастағы алматылықтарды алаяқтарға қарсы тұруға үйрету...
Кері байланыс: қазан айында жиі қойылған сұрақтарға жауаптар
Қазақстанда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейі өсуде