Freedom Life ӨСК ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің FinGramota.kz жобаны қолдауымен қаржылық сауаттылық жөнінде балаларға арналған жаңа көркем шығармалық кітап ұсынды. Шығарманың авторы қазақстандық жазушы Аблимит Рахматулаев.
Басылымның тұсаукесері ұлттық валютаның 32 жылдығымен және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келді.
Тарих белестері арқылы қаржы ілімін
Кітап «Жолбарыстың Ұлы Жібек жолындағы қызықты және тәлімді шытырман оқиғалары» («Увлекательные и поучительные приключения Тигра на Великом Шёлковом пути») деп аталады.
Басты кейіпкер — Жолбарыс есімді бала — Ұлы Жібек жолы дәуіріне түседі және сауданың, айырбастың, сақтандырудың және қаржылық қатынастардың, адамдар арасындағы сенімнің пайда болу тарихымен танысады. Кітаптың желісі мен шытырман оқиғалар арқылы оқырмандар ақшаның не екенін, ол не үшін қажет екенін және ресурстарды ақылмен басқару неге маңызды екенін біледі.
Кітап қазақ тілінде жазылған, орыс тіліне аудармасы қатар берілген. Таралымды негізінен мектептер мен кітапханалар арасында тегін тарату жоспарлануда.
Кітаптың авторы Аблимит Рахматулаев балаларға қаржылық сауаттылық бұл тек есептеулер ғана емес, өмірлік дағды екенін көрсетуге тырысқанын айтты: «Мен балалардың тарих арқылы еңбектің құндылығын, еңбегімен тапқанына ұқыпты қарау қабілетін сезінгенін қалаймын. Қаржылық сауаттылық — бұл жоспарлау және шешім қабылдай білу сауаттылығы. Мен жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеуге ат салысатын жобаның бір бөлігі болғаныма қуаныштымын»..
Қаржылық сауаттылық бала кезден басталады
FinGramota.kz жобасының жетекшісі Айгүл Қанатбаева өз тарапынан қаржылық сауаттылықты ерте жастан қалыптастыру маңызды екенін атап өтті: «Біздің жоба балалар бағытын жүйелі түрде дамытады: «Дружные ребята» газетінде және «Ойла» журналында білім беру қосымшаларын жариялайды, оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша сабақтарды қоса алғанда, балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы бастамаларды іске асырады».
Freedom Life ӨСК Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов 2019 жылдан бастап Freedom Camp аясында бүкіл ел бойынша 11 000-нан астам оқушы қаржылық сауаттылық бойынша оқудан өткенін айтты: «Біз әр түрлі форматтарды – жазғы лагерь, мектептер мен колледждердегі сабақтар, онлайн сабақтар, телешоулар және қазіргі уақытта балалар кітаптарын қолданамыз. Біздің мақсатымыз – әр баланың ақша туралы негізгі білім алуы және болашаққа сенімділікпен қарауы».
Freedom Life үшін бұл бірінші әдеби жоба емес. 2024 жылы компания қаржылық сауаттылық бойынша «Жасыл сандықша» ертегілер жинағын шығарды, бұл — ертегілер арқылы қаржы негіздерін түсіндіретін, балаларға арналған Қазақстандағы алғашқы көркем басылым. Жаңа кітап осы миссияны жалғастырып, оқуды одан да қолжетімді және қызықты етеді.
Екі кітап та ҚНРДА-ның FinGramota.kz жобасының қолдауымен Freedom Сamp білім беру бастамасы аясында жасалған.
Бағалы қағаздар бойынша кірістер және оларға салық салу: инвесторға нені білу маңызды
Жалған науқандарды қалайша тануға және деректеріңізді қорғауға болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Қаржылық сауаттылық жөнінде балаларға арналған жаңа кітап: Freedom Life ӨСК және FinGramota.kz бірл...
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?