Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған жадынама: «Коллекторлық агенттіктермен қалай өзара іс-әрекет етуге болады?»

time 6.04.2021
aye 5843
Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға арналған жадынама: «Коллекторлық агенттіктермен қалай өзара іс-әрекет етуге болады?»

Егер сіз қаржылық қиындықтарға ұшырап, коллекторлармен өзара іс-қимыл жасауға мәжбүр болсаңыз - қорқудың қажеті жоқ. Егер құқықтық аяда іс-әрекет етсеңіз, өз қаржылық жағдайыңыз үшін де, жүйкеңіз үшін ешқандай салдары болмайды.

Коллекторлар дегеніміз кім және олармен қалай дұрыс жұмыс істеу қажет - осы және басқа да сұрақтарға Fingramota.kz. жауап береді.

Коллекторлық агенттік – жеке және заңды тұлғалардан берешекті өндіріп алуға маманданған ұйым.

Коллекторлық қызмет нысанасы кредиторға сотқа дейін өндіріп алу және берешекті реттеу, сондай-ақ берешекпен байланысты ақпарат жинау жөнінде қызмет көрсету болып табылатын шарт негізінде жүзеге асырылады.

Коллекторлық агенттіктер туралы мәліметтерді қайдан алуға болады?

Коллекторлық агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) есептік тіркеуден өткеннен кейін және Коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

Коллекторлық агенттіктің есептік тіркеуден өткен-өтпегенін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің орналасқан жерін, интернет-ресурсы, телефондары туралы мәліметтерді Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде танысуға болады.

Коллекторлық агенттіктерге қандай құқықтар берілген?

Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде коллекторлық агенттіктерге мынадай құқықтар берілген:

  • өз қызметін кредитормен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде жүзеге асыру;
  • берешекпен байланысты ақпаратты жинауды жүзеге асыру;
  • кредитордан құжаттар (түпнұсқалар мен көшірмелер), түсіндірмелер мен ақпарат алу;
  • талап ету құқығын коллекторлық агенттік кредитордан сатып алған банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша сот тәртібінде өндіріп алу;
  • сотта кредитордың өкілі болу;
  • борышкер бұрын банктік қарыз шартын немесе микрокредит беру туралы шартты жасау кезінде берген борышкер туралы ақпаратты үшінші тұлғалардан сұрату.                                                                                                                                                                                                                                                  

Коллекторлық агенттіктер борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (үшінші тұлғамен) қалай өзара іс-әрекет жасайды?

Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен мынадай тәсілмен өзара іс-әрекет жасауға құқылы:

  • телефон арқылы келіссөздер;
  • жеке кездесулер;
  • борышкер жеке тұлғаға тұрғылықты жері бойынша (заңды мекенжайы), борышкер заңды тұлғаға орналасқан жері бойынша (нақты мекенжайы) жіберілетін жазбаша (пошта арқылы) хабарламалар;
  • ұялы байланыс арқылы мәтіндік, дыбыстық және басқа хабарламалар;
  • Интернет желісі арқылы.

Коллекторлық агенттік борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) кредитормен банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелермен байланысты үшінші тұлғамен бірінші рет байланыс жасаған кезде мыналар туралы хабарлануы тиіс екенін білу маңызды:

  • коллекторлық агенттіктің атауы және коллекторлық агенттіктер тізіліміндегі тіркеу нөмірі;
  • коллекторлық агенттіктің орналасқан жері;
  • борышкермен қарым-қатынас жасайтын адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымы;
  • кредитордың атауы;
  • кредитордың берешекті коллекторлық агенттіктің жұмыс істеуіне беруі;
  • берешектің құрылымы, негізгі борыштың мерзімі өткен және ағымдағы сомаларының қалдығы, банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген сыйақы, комиссиялар, айыпақы (айыппұлдар, өсімпұлдар);
  • борышкердің банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта, ҚР заңдарында көзделген жауапкершілігі және басқа міндеттемелері, сондай-ақ банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау салдары.

Алғашқы байланыс орнату кезінде коллекторлық агенттік борышкерге және оның өкіліне берешектің туындау себептері, кірістері және банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы коллекторлық агенттікке өтінішхат беруге негіз болған басқа да расталған жағдайлар (фактілер) туралы ақпаратты қамтитын жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы екендігін хабарлауға міндетті.

Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар

white-arrow Тізімге