«Б жоспары», немесе көзделмеген қаржылық жағдайларда қандай әрекет жасау керек

time 18.11.2021
aye 4816
«Б жоспары», немесе көзделмеген қаржылық жағдайларда қандай әрекет жасау керек

Бүгін кейбір жағдайларда шындыққа айналуы мүмкін бірнеше сценарийді қарастырамыз. Fingramota.kz сізге қалай әрекет ету керектігін айтып, пайдалы ұсыныстар береді.

№ 1 жағдай. Сіз бүгінгі күнмен жұмыс істеп, өмір сүресіз. Сіз өзіңіз үшін ештеңеден бас тартпауға, ақшаны қалай болса, солай жұмсауға дағдыланғансыз. Бірақ бір күні сіз жұмыс істейтін компанияда қиындықтар болды, нәтижесінде сіз жұмыссыз қалдыңыз. Сізде жинақ ақша жоқ, бірден жаңа жұмысқа орналасу да мүмкін емес. Нәтижесінде, егер сіздің өзіңіздің тұрғын үйіңіз болса,  коммуналдық төлемдерді төлеуге ақша жетпейді, ал егер сіз жалға алған болсаңыз, онда сіз көшуге мәжбүр боласыз. Егер сіздің уақытында төлей алмайтын кредитіңіз болса, онда мерзімін өткізіп алуыңыз мүмкін.

Іс-әрекеттер жоспары. Мұндай жағдай, сізде резервтік қор болса немесе қарапайым сөзбен айтқанда, қаржылық қауіпсіздік жастықшасы болса, болмауы мүмкін. Яғни әңгіме әртүрлі көзделмеген жағдайлар туындауы ықтимал жағдай үшін қажетті ірі ақша сомасы  туралы болып отыр. Бұл ақша сізді төтенше жағдайдың жағымсыз салдарынан қорғауы мүмкін.

Қаржылық қауіпсіздік жастықшасының мөлшері сіздің ай сайынғы алты жалақыңыздан кем болмауы керек деп саналады. Әдеттегі режимде 3-4 ай өмір сүру үшін мүмкін болатындай ақша жинақтаған дұрыс.

Сондықтан кірісті алғаннан кейін бірден жалақыңыздың және басқа кірістің 10%-на дейін ақша жинақтау қажет. Бұл процесс жылдам емес, алайда осындай тәсіл болашақта көзделмеген шығыстарды жабу үшін қажет болуы мүмкін соманы ауыртпалықсыз және біраз ақша жинақтауға мүмкіндік береді. Егер сіз өзіңіздің резервтік қорыңызды қалыптастыра алмасаңыз, онда жинақтар тақырыбына немқұрайлы қарайсыз не өз жеке бюджетіңізді жүргізуді және өз шығыстарыңызды оңтайландыруды білмейсіз. 

Сонымен қатар, қаржылық қауіпсіздік жастығы өмірдің қиын кезеңдерінен өтуге көмектеседі, мысалы, жоғарыда сипатталған жағдайдағыдай, егер біреудің өмірін немесе денсаулығын сақтау қажет болса, қиыншылыққа тап болмауға, егер бар болса, кредиттер мен микрокредиттер бойынша берешектерге жол бермеуге көмектеседі.

Егер сіз төлеу мерзімін кешіктіріп алсаңыз және бұл туралы сізге банк немесе микроқаржы ұйымы, мүмкін коллекторлық агенттік  хабарласа,  онда ол туындаған сәттен бастап  30 күннің ішінде қайта құрылымдау туралы өтінішпен өзіңіздің кредиторға өтініш беру қажет. 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда қарыз алушылардың мерзімі өткен берешегін сотқа дейін реттеудің жаңа тәртібі қолданылады, оған сәйкес кредиттік ұйым сіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарайды және сіз тоқтамға келе аласыз. Егер  кредитормен келісімге келе алмаған жағдайда, сізде дәлел бар, онда сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне әрқашан өтініш жасай аласыз. Агенттіктің  call-орталығына мынадай нөмір бойынша толық нақтылау үшін қоңырау шаласыз: +7 7272 237 1000 не өзіңіздің сұрақты қаржы реттеушісіне  «Fingramota Online» мобильдік қосымша арқылы жіберіңіз.

№2 жағдай. Сізде денсаулығыңыз бойынша қиындықтар туындады, кенеттен келген сырқат сізді шаршатып жіберді, ұзақ кезеңге еңбекке жарамсыз парағын алуға немесе жұмыстан шығуға тура келді. Сізде осыған байланысты қаржылық қиыншылық туындады, сонымен қатар жоспарланбаған шығын пайда болды.

Іс-әрекеттер жоспары. Резервтік қорға ие бола отырып, аурудың немесе өзге де көзделмеген жағдайлардың салдарынан еңбек ету қабілетін уақытша немесе толық жоғалтуға қатысты ахуалдарды, әрине бастан жеңіл  өткізуге болады. Сол себепті бүгінгі күннен бастап өзіңіздің қауіпсіздіктің қаржылық «жастықшасын» жинауды бастаңыз.

Сонымен қатар емделуге жұмсалатын шығынды айтарлықтай төмендету үшін өзіңізді және өміріңізді ықтимал жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы ойланып көріңіз.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру сияқты құралды қарастырыңыз, ол өзіңізді тек сақтандырылған ғана емес, сонымен қатар қаржылық тұрғыдан қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Оның өзінің мынадай артықшылықтары да бар: сақтандыру төлемінің кепілдігі, болашаққа ақшалай жинақтар жасау мүмкіндігі және басқа да, сондай-ақ кейбір кемшіліктері де бар: сақтандыру жарналарын тұрақты түрде жасау қажет, әйтпесе салынған қаражатты қайтармай шартты бұзу қаупін төндіруі мүмкін; шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда компания салған сақтандыру жарналары қайтарылмайды немесе аз көлемде қайтарылады. Жинақтау мен сақтандырудың барлық талаптары шартта жазылған, қол қоюдан бұрын онымен мұқият танысу қажет!

Толығырақ «Бюджетті жоспарлаймыз» бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге