Сізге тез қайтымды жобаға ақша салуды ұсына ма? Уәдені үйіп-төгіп бере ме? Достарыңызды тартуды сұрай ма?
Байқаңыздар, бұл ұйым қаржы пирамидасы болуы мүмкін!
Қаржы (немесе инвестициялық) пирамидасы — бұл жаңа салымшылардан ақша қаражатын үнемі тарту есебінен құрылымдағы қатысушыларды кіріспен қамтамасыз етудің заңсыз тәсілі.
Егер:
- Сізге кіру жарнасын енгізуді ұсынса
- Жоғары кірістілікке кепілдік берсе
- Басқа азаматтарды тартқаныңыз үшін сыйақы беруге уәде етсе
- ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болмаса
- Интернеттегі, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жарнама компаниясы арқылы белсенді түрде тартса
- Компанияның қаржылық жағдайы туралы нақты ақпарат болмаса,
Сізді қаржы пирамидасына тартып жатыр!
Білгеніңіз маңызды! Қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және оларда жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге реттеушінің лицензиясы жоқ, сәйкесінше олар қаржы реттеушісінің бақылауында емес.
Қаржылық алаяқтық және қаржы пирамидаларының негізгі схемалары туралы мына бөлімнен оқыңыздар!
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Қазақстанда азаматтардың банкроттығы: ол қалай жұмыс істейді және қандай жаңалықтар енгізілді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
«Garage sale», немесе заттардың қолданылуын қалай ұзартуға болады