Қазақстанда 600 мың қарыз алушыға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жасалған шарттардың талаптарына өзгерістер мақұлданды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүйелік негізде банктер мен микроқаржы ұйымдарының проблемалық берешекті реттеу тәртібін қолдануларының мониторингі мен талдауын жүзеге асырып тұрады. Агенттіктің деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қаңтар-ақпанда банктер мен МҚҰ-ға жасалған кредиттік шарттардың талаптарын өзгертуге 93,6 мыңнан астам қарыз алушы жүгінді. Олардың ішінде, шамамен 62,3 мың қарыз алушыға қатысты (азаматтардың 70%-нан астамы) қарыздар мен микрокредиттерді қайта құрылымдау жөнінде жұмыс жүргізілді. Жалпы алғанда, 2022 жылы банктер мен МҚҰ-лар 708,7 мың қарыз алушының өтініштерін қарады, оның ішінде 527,8 мың азаматқа қайта құрылымдау мақұлданды.
Fingramota.kz қарыз алушыда кредит бойынша мерзімін өткізіп алу пайда болған жағдайда оның іс-әрекеттерінің алгоритмін еске салады.
Егер қарыз алушы кредит бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын болса, онда ол, бірінші кезекте, мерзімін өткізу басталған күннен бастап 30 күн ішінде кредитті қайта құрылымдау үшін жазбаша өтінішпен немесе шартта жазылған өзге тәсілмен оған қызмет көрсетілетін банкке немесе МҚҰ-ға жүгінуге тиіс.
Өз өтінішінде қарыз алушы мыналарды:
- өз міндеттемелерін орындамау себептерін;
- бұдан былай кредитін өтеу бойынша өз нұсқаларын көрсетуге тиіс.
Өтінішке міндетті түрде сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарлауын растайтын құжаттарды қоса беру қажет: бұл сіздің қаржылық және әлеуметтік жай-күйіңіз туралы ақпарат, өз міндеттемелеріңізді толық көлемде орындауға мүмкіндік бермейтін кірістеріңіздің төмендеуі немесе болмауы және басқалар болуы мүмкін. Сұратылған құжаттарды ұсынбау қарыз алушының өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз болады.
Қарыз алушы барлық қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін банк немесе МҚҰ өтінішті қарау рәсімін бастайды, бұл ретте, ол қарыз алушының ағымдағы қаржылық және әлеуметтік жай-күйін (төлем қабілеттілігін), кепілге қойылған тұрғын үйінің жалғыз болуын, мерзімін өткізу басталғанға дейін қарыз бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауын ескереді.
Банк немесе МҚҰ 15 күнтізбелік күн ішінде қарыз алушыға:
- шарт талаптарына ұсынылған өзгерістерді қабылдау арқылы келісетіні туралы;
- шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын бере отырып;
- себептердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, бас тартатыны туралы жауап беруге тиіс.
Заңнамаға сәйкес қарыз шартының талаптарына өзгерістер енгізуде мыналар көзделеді:
Егер өзара қолайлы нұсқа табылмаса, қарыз алушы не істеуі керек?
Егер қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау талаптары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса не кредитор мерзімі өткен берешекті реттеу рәсімдерін жүргізбесе және дәлелді негіздемелер ұсынылмаса, қарыз алушы кредитордың шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінуге құқылы.
Назар аударыңыз! Қарыз алушы өзінің өтінішіне кредиттік ұйымға жүгінгені және онымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізе алмағаны туралы дәлелдемелерді қоса беруге тиіс. Қарыз алушының өтініші негізінде Агенттік банкке немесе МҚҰ-ға қатысты құжаттамалық тексеруге бастамашылық жасайды.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар
Қызметін жаңа бастаған инвесторларға кеңестер: нені білу керек?
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді
Цифрлық ортада туғандар, немесе балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Алаяқтар телефон нөмірлері мен SMS-ді қалайша ауыстыра алады
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?