Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Қазақстан Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін 14%-дан 14,5%-ға дейін ұлғайтқаннан кейін бүкіл депозиттік желі бойынша 2022 жылғы шілде мен тамызға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.
Өзгерістер 2022 жылғы 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, осы күннен бастап банктер өздерінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарауға құқылы.
Мерзімсіз депозиттер бойынша мөлшерлемелер 14%-ды құрайды, бұрын 13,5% болған.
Мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер мерзімі 24 айлық депозиттер үшін 9,7%-дан (бұрын 9,2%), мерзімі 3 айға дейінгі депозиттер үшін 14,5%-ға (бұрын 14%) дейін өзгереді.
Жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелер енді 24 айға толықтырыла отырып депозиттер бойынша 12,2%-дан (бұрын 11,5% болған) 6 ай мерзімге толықтырусыз депозиттер бойынша 16%-ға (бұрын-14,5%) дейін өзгеріп отырады.
|
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % | Толықтырылатын депозиттер бойынша, % | ||
Шілде1 | Тамыз | Шілде1 | Тамыз | |
Мерзімсіз депозиттер |
14,0▲ |
14,0▲ |
14,0▲ |
14,0▲ |
Мерзімді депозиттер | ||||
3 месяца |
14,5▲ |
14,5▲ |
14,0▲ |
14,0▲ |
6 месяцев |
14,5▲ |
14,5▲ |
14,0▲ |
14,0▲ |
12 месяцев |
14,0▲ |
14,0▲ |
13,7▲ |
13,7▲ |
24 месяца |
9,9▲ |
9,9▲ |
9,7▲ |
9,7▲ |
Жинақ депозиттер | ||||
3 месяца |
15,5▲ |
15,5▲ |
15,0▲ |
15,0▲ |
6 месяцев |
16,0▲ |
16,0▲ |
15,5▲ |
15,5▲ |
12 месяцев |
15,7▲ |
15,7▲ |
14,5▲ |
14,5▲ |
24 месяца |
13,0▲ |
13,0▲ |
12,2▲ |
12,2▲ |
Айта кетейік, Екінші деңгейдегі 20 банк депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады. ҚДКБҚ кепілдігінің ең жоғары сомасы мынаны құрайды:
- Ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша 20 млн теңге;
- Ұлттық валютадағы карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша 10 млн теңге;
- Шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша 5 млн теңге (қатысушы банкті лицензиядан айыру күніне белгіленген валюта айырбастау бағамы бойынша баламада).
Депозиттерге кепілдік беру жүйесі туралы толығырақ www.fingramota.kz сайтынан «Депозиттер» бөлімінде оқыңыз.
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану