«Күміс теңге» операциясы» атты балаларға арналған қаржы детективінің төртінші шығарылымында бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алишаның шытырман оқиғалары жалғасады.
Балалар «өз қалтасындағы қазынаны» қалай табуға болатынын, үнемдеуді үйрене отырып, бүкіл отбасы бюджетті қалай көңілді жүргізе алатынын және «Тиын теңге үнемдейді» деген мақал нені білдіретінін біледі.
Шығарылымда «Қаржылық мақсаттар қоюды және оларға жетуді қалай үйренуге болады» деген оқыту комиксі және «Ақшаға ие болу жеткіліксіз, оны жұмсай білу керек» деген ойын бар, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімнен оқыңыздар!
«Мен өзім ақша аудардым»: алаяқтар қалайша адамдарды миллиондаған ақша беруге мәжбүрлейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт