Ипотека: алу қажет пе жоқ па? Ипотеканың артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратайық

time 16.02.2022
aye 5127
Ипотека: алу қажет пе жоқ па? Ипотеканың артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратайық

Ипотека көптеген қазақстандықтар үшін жылжымайтын мүлік сатып алудың немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың бірден-бір тәсіліне айналды. Статистикаға жүгінсек, банктен қарыз алушы – бұл 39 жастан 41 жас аралығындағы азаматтар, оның ішінде басым бөлігі барлық қарыз алушылардың жалпы санының 60% - ын құрайтын нәзік жандылар. Бұл ретте, ресімделген ипотекалық тұрғын үй қарыздарының орташа сомасы әйелдер қауымында төмен, ол 13 млн теңгені құрайды, ал ерлер орта есеппен 15,2 млн теңге сомаға кредит ресімдейді екен.

Fingramota.kz-пен бірге қандай банктер ең жақсы талаптар ұсынатынын, ипотеканың артықшылықтары мен кем тұстарын, сондай-ақ ипотекалық қарыз ресімдеу кезінде нелерге көңіл аудару қажеттілігін қарастырайық.

Бүгінгі таңда ипотекалық кредитті коммерциялық банктер және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асырып отырған жалғыз мемлекеттік мамандандырылған банк ұсынады. Ай сайынғы төлем сомасы бастапқы жарнаға, кредиттеу мерзіміне және пайыздық мөлшерлемеге байланысты.

Оны мысалмен қарастырып көрелік, айталық сізге тұрғын үй сатып алу үшін 20 млн теңге және 40 млн теңге несие сомасы қажет.

Банке А-дан сіз кредитке 20 млн теңге қарыз алуды жоспарладыңыз. Бұл ретте банк жылжымайтын мүлік құнының 20%-ын құрайтын бастапқы жарнаны төлеуді сұрайды. Банк А-ның талаптары бойынша кредит мерзімі - 20 жыл. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 15% - дан басталады. Бұл талаптармен сіздің ай сайынғы төлеміңіз 235 мың теңгені, 20 жыл ішінде артық төлем – 36 млн теңгені құрайды. Банк А-дан алған кредит сомасы 40 млн теңге болса, сіздің ай сайынғы төлеміңіз 470 мың теңгеге тең болады, кредит бойынша артық төлем - 72 млн теңге құрайтын болады.

Банке B-ғы талаптар мынадай: бастапқы жарна тұрғын үй құнының 30% – ын, ЖТСМ – 18,3%- дан басталып, кредиттеу мерзімі-15 жылды құрайды. Егер ипотекалық кредит сомасы  20 млн теңге болған жағдайда сіздің ай сайынғы төлеміңіз 300 мың теңгені, 15 жыл ішінде артық төлеу - 14 млн теңгені құрайды. Кредит мөлшері 40 млн теңге болса, ай сайынғы төлем 644 мың теңгені, 15 жыл ішінде артық төлем – 75 млн теңгені құрайды.

Б ан к С-да бастапқы жарна 35%-дан, ЖТСМ 17%-дан басталады, кредиттеу мерзімі - 20 жыл. Кредиттеу сомасы 20 млн теңге болған кезде ай сайынғы төлем 293,3 мың теңгені құрайды, артық төлем 70 млн теңге. Егер сізге 40 млн теңге кредит сомасы қажет болса, онда бұл жағдайда сіздің ай сайынғы төлеміңіз 586 мың теңгені құрайды, артық төлем сомасы - 100 млн теңге.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын, жалғыз мамандандырылған мемлекеттік банк «Отбасы банкінің» сайтында ипотекалық кредит алу үшін болашақ қарыз алушы алдымен депозит ашып, депозитте кемінде үш жыл қаражат жинауы, сізге қажетті соманың жартысын (50%) жинақтауы және бағалау көрсеткішінің (БК) ең төменгі деңгейіне қол жеткізуі қажет деп көрсетілген. Егер сіз аталған талаптарды барлығын орындаған болсаңыз - сізге жылдық 5%-дық мөлшерлемемен  (ЖТСМ 5,2%-дан басталады) тұрғын үй қарызы деп аталатын кредит беріледі. Ал егер де сіз осы талаптарды асыра орындаған, яғни ұзақ жылдар бойы жинаған болсаңыз – қарыз бойынша мөлшерлеме (ең төменгі мөлшерлеме 3,5% (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) төмендейді. Отбасы банкінің барлық қарыздарын тек тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ғана пайдалануға болады.

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге