Оңай олжа: алаяқтар кәсіпкерлердің аңғалдығын қалай пайдаланады

time 9.03.2022
aye 6022
Оңай олжа: алаяқтар кәсіпкерлердің аңғалдығын қалай пайдаланады

Дара кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар жиі түрлі «кредиттік делдалдардың» көмегіне жүгініп жатады және де алаяқтарға орташа есеппен қарыз сомасының  10% -ын төлеуге қарсы емес. Бұл IDF Eurasia компаниясының Қазақстанның барлық аймақтарынан 12 мың респонденттердің арасында жүргізген  соңғы зерттеулерінің нәтижесі болды.

 Заңды тұлғалар мен ДК зиянкестер үшін ерекше қызығушылық туғызады, және, көп жағдайда, оның «құрбандары» қаржы алаяқтарының  қолына ақшаны, сондай-ақ маңызды конфиденциалды ақпаратты өздері салып береді. Fingramota.kz-пен бірлесіп, бизнесмендер іс жүзінде кімдерге тап болатындары және өзін, сондай-ақ  өз қаржысын қалайша қорғай алатындарын қарастырайық.

«Қара кредиторлар» көрсететін қызметтер – бұл қазақстандық кәсіпкерлер жиі тап болып жататын алаяқтықтың кеңінен таралған тәсілдерінің бірі. Интернет  мен мұндалап тұрған «жеңілдікті онлайн-кредиттер», «төмен пайыздық мөлшерлемемен микроқарыздар», «артық төлемсіз адал кредиттер» ресімдеу бойынша қызметтер көрсетуге көмектесетін-мыс күмәнді делдалдардың хабарландыруларына толы, бұл ретте қарыз алушының дербес кредиттік есебіндегі мәліметтер олар үшін ешқандай рөл атқармайды. Мұндай делдалдар теріс кредиттік тарихты азын-аулақ ақы үшін «тазартуды» ұсынуы мүмкін.

Есіңізде болсын! Кредиттік тарих - бұл 5 жыл ішінде барлық міндеттемелер: жабық, ағымдағы, мерзімі өткен кредиттер; қайтару мерзімдері; кредиттік ұйымдарға өтініштер туралы барлық ақпарат сақталатын қарыз алушының өзіндік досьесі. Жақсы кредиттік тарих - бұл екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпочта» АҚ) және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (МҚҰ, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар) - кредиторлар үшін қарыз алушының оң имиджі. Кредиттік ұйымда лицензияның болуын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz сайтынан тексере аласыз.

Кредиттік бюроға ешқандай жеке компаниялар қолжеткізе алмайды, сәйкесінше, олар  мерзімін өткізіп алулар және басқа да ақпараттарды жоя отырып кредиттік тарихты тазарта алмайды

Қарызды «өте кремет» шарттармен ресімдеуге келетін болсақ, мынаны есте сақтау керек: Қазақстанда әлеуетті қарыз алушы мен кредитор арасында «жеңілдікті мөлшерлеме бойынша кредиттерге» көмектесе алатын ешқандай да делдалдар жоқ. Сонымен, сізге осындай кредит «алуға» кепілдік беретін адам алаяқ екендігі айдан анық! Қаскүнемдер тек кредиттермен ғана емес, сонымен қатар әкімшілік мәселелерді шеше отырып, әртүрлі тендерлерде  «көмек» ұсынуы мүмкін екендігін айта кетейік. Алаяқтыққа байланысты тәуекелдерді азайту үшін ресми түрде жұмыс істеп, бизнесте тек ашық схемаларды қолданған дұрыс!          

Телефон алаяқтары

Телефон алаяқтарының схемалары жылдар бойы дамып, жетілдіріліп келеді, алаяқтар өзінің әлеуетті құрбандарының санын арттыру үшін заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін белсенді түрде қолданып отырады.

Қаскөйлер өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сатып алушылар, сатушылар ретінде де таныстыруы мүмкін, олардың басты міндеті абонентті сөзге тарту, вирустық қосымшаны жүктеу не картаның толық деректемелерін, оның ішінде артқы жағындағы үш таңбалы кодты, сондай-ақ SMS арқылы растау кодын айтып беруге мәжбүрлеу болып табылады.

Есіңізде болсын!   Сізге қызмет көрсетілетін банктің өзіңізге таныс төрт таңбалы нөмірінен қоңырау шалып, мысалы, қауіпсіздік қызметінен хабарласып тұрмын деп айтса да, бәрібір сақ болыңыз.  Алаяқтар кез келген нөмірді өз мүддесіне пайдаланып, хабарласуы мүмкін, алайда ол әлемнің басқа түкпірінде отыруы да мүмкін. Егер қоңырау шалушы ақша туралы сөз бастаса, онда бұл әңгімені бірден аяқтаңыз және жедел желі нөмірін өз бетіңізше тере отырып банкке немесе бұның алдында өзіңізге қызмет көрсеткен банк менеджеріне қайта қоңырау шалыңыз.  

Банк менеджерлері ешқашан сіздің төлем деректеріңізді алу үшін бірінші болып қоңырау шалмайды. Олар ақшаңызды дереу «қауіпсіз» шотқа аудару қажет деп қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытпайды. Егер Банк операцияны күмәнді деп санаса, ол барлық шоттарды бірден бұғаттайды, содан кейін барып орын алған жағдайдың мән-жәйін анықтайды.

Сондай-ақ,  қаскөйлер өздерін салық қызметі, прокуратура, ІІМ, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін, алайда жеке деректеріңізді алғысы келетін бейтаныс адамдарға сенбеңіз!

Толығырақ "Абайлаңыз, алаяқтар" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге