ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензияланбаған қызмет белгілері бар компанияны анықтады

time 12.04.2022
aye 6111
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі лицензияланбаған қызмет белгілері бар компанияны анықтады

Әлеуметтік желілер мен ақпараттық кеңістікті мониторингтеу барысында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) лицензияланбаған қызмет белгілері бар компанияны анықтады.

www.crezu.kz интернет-ресурсының ақпаратына сәйкес «Crezu.kz» ЖШС кез келген мақсатқа, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қарыздарды іріктеу қызметін жүзеге асырады. Борышты өтеудің ең аз мерзімі – 3 ай, ең көбі – 12 ай. Ең жоғары жылдық пайыздық мөлшерлеме – 36%. Пайыздық мөлшерлемелер кредитордан кредиторға өзгеріп отырады, ұсынылған пайыздық мөлшерлеме мән-жайлар мен кредит тарихына байланысты.

Мәселен, 2022 жылғы наурызда «Crezu.kz» ЖШС интернет-ресурсында 60 айлық мерзімге 1 млн теңге мөлшерінде қарыз алуға арналған өтінім мақұлданған. Одан әрі, компания менеджерінің талап етуі бойынша, клиент қайсыбір Кazeuromobile LLP компаниясының пайдасына қарызды ресімдеу жөніндегі қосымша қызметтер үшін 80 300 теңге аударған. Бұл қаражатты алғаннан кейін «Crezu.kz» ЖШС клиентке WhatsApp-пен мобильдік телефон нөміріне қарыз шартын жіберген. Алайда клиент қарызды сол күйі алмаған.

Жүргізілген құжаттамалық тексеру «Crezu.kz» ЖШС-нің қайсыбір «Қазақстан Республикасы қаржы нарығы қоғамының» №2.0.013/089 лицензиясы бар екенін көрсетті. Қарыз шарты «Сrezu.kz микроқаржы ұйымы» ЖШС-нің мөрімен бекітілген.

«Crezu.kz» ЖШС Агенттіктің есептік тіркеуінен өтпегенін және Агенттіктің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған ұйымдар тізімінде жоқ екендігін атап өтеміз.

Осылайша, осы ЖШС-нің қызметінде лицензияланбаған қызмет белгілері анықталды: компания Қазақстан Республикасының аумағында тиісті лицензиясы немесе рұқсаты жоқ дербес және (немесе) делдалдарды тарта отырып,  қаржылық қызметтер ұсынған және оларға қатысты Агенттікке азаматтардың шағымдары келіп түсті. Агенттік тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жіберді. Сайтқа қатысты www.crezu.kz интернет-ресурсына қолжетімділікті тоқтата тұру үшін шаралар қабылданды.

Агенттік Қазақстан азаматтарын «Crezu.kz» ЖШС-мен осы компанияның шоттарына қаражат аудару немесе қолма-қол ақша беру бойынша шарттық қатынастар орнатудың қауіпті екендігі туралы хабардар етеді.

white-arrow Тізімге