«Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды

time 28.03.2023
aye 9758
 «Сұрақ-жауап»: жеке тұлғалардың банкроттығы жөнінде нені білу маңызды

Банкроттық рәсімдері шеңберінде кредитормен өз інің қарыздары бойынша берешекті қалай ша реттеу жөнінде , Fingramota.kz -ке « Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы » ЗТБ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Назар Рахимов Instagram-да тікелей эфир барысында айтып берді.

Банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері жөнінде толығырақ айтып беріңіз ші , оларды кім қолдана алады?

2023 жылғы 3 наурызда Президент өткен жылғы 30 желтоқсанда қол қойған «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Банкроттық туралы заң) күшіне енді. Осы Заңның ережелері борышкерлермен қатар  кредиторлардың да мүдделерін ескереді, осылайша екі тараптың мүдделерінің тепе-теңдігі сақталады.

Егер заңды неғұрлым егжей-тегжейлі қарастыратын болсақ, ондағы рәсімдерге сәйкес, борышкерлер өздерінің қаржылық міндеттемелерінен тек банктер мен микроқаржы ұйымдарының алдында ғана емес, сондай-ақ басқа кредиторлардың алдында да босай алады.

Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық шеңберінде азаматтар банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге қатысты қарыздарын есептен шығару жөнінде өтініш бере алады.

Алайда, бұл жерде мұндай рәсімді қолында мүлкі жоқ адамдар пайдалана алатыны және олардың жиынтық кредиттік міндеттемелері 1600 АЕК-тен аспау керектігі жөнінде айта кеткен жөн, бүгінгі күні ол 5 520 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, міндетті талап - қатарынан 12 ай өз міндеттемелерін өтемеу болып табылады.

Екінші рәсім – сот банкроттығы.

Бұған 1600 АЕК шекті мәннен асатын сомаға міндеттемелері бар барлық борышкерлер кіреді. Бұл өлшемге сәйкес келетін азаматтар тіркелген жері бойынша сотқа банкроттыққа өтініш бере алады.

Үшінші рәсім «төлем қабілеттілігін қалпына келтіру» деп аталады және одан өткен борышкер банкрот деп танылмайды.

Бұл ретте мұндай рәсімді жиынтық міндеттемелері олардың мүліктерінің құнының мөлшерінен аспайтын азаматтар пайдалана алады.

Мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібі туралы толығырақ айтып берсеңіз .

Адам банкроттыққа өтініш берген кезде, өтінішке өз кредиторларының тізбесін, сондай-ақ өзінің берешегін реттеу әрекетін растайтын құжатты қоса беруге тиіс. Бұл рәсім банктер және микроқаржылық қызмет туралы заңдарда нақты көрсетілген. Төлем мерзімі өткен сәттен бастап 20 күн ішінде кредитор қарыз алушыға ол туралы хабарлайды, бұл хабарламаға мән берген жөн. Егер сізде ақшалай қиындықтар туындаса, онда қаржылық мәселелерді мемлекеттік орган да емес, сіз бен банк немесе МҚҰ арасындағы шарттық қатынастарға заң бойынша араласу құқығы жоқ басқа мекемелер де емес сіздің кредиторыңыздың өзі шеше алады.

30 күн ішінде қарыз алушы кредиторға жүгінуге тиіс және проблемалық берешекті реттеу нысандарын ұсынуы керек, яғни ол бұл жағдайдан шығу жолын көрсетеді. Бұл төлем мерзімін кейінге қалдыруды ұсыну немесе ай сайынғы төлемдерді азайту, кестені өзгерту болуы мүмкін. Бұл рәсім қайта құрылымдау, яғни ақшалай міндеттемені орындау тәртібін өзгерту болып табылады. Мысалы, сіз белгілі бір жағдайларға, яғни ауырып қалу немесе кіріс көзінің болмауына байланысты кредит бойынша төлем кестесін сақтай алмауыңыз мүмкін. Сіз банкке осы жайлы уақтылы хабарлап, оған өтініш беруіңіз керек. Банк бұл өтінішті 15 күн ішінде қарайды, содан кейін сіздің қайта құрылымдау шарттарыңызбен келісуі, өзінің балама нұсқасын ұсынуы немесе себептерін көрсетуден бас тартуы мүмкін.

Егер қарыз алушы төлем мерзімі өткен жағдайда қаржы ұйымына жүгінбеген жағдайда не болады?

Бұл жағдайда банк берешекті өндіріп алу бойынша шаралар қолдануға мәжбүр болады: төлем талаптарын пайдалану, сотқа, нотариусқа атқарушылық құжаттардың көшірмесін алу үшін жүгіну. Әрбір рәсімнің өз шығындары да болады. Мысалы, егер сотқа арыз берілсе, банк мемлекеттік баж төлейді, сот орындаушысы да өз үлесін алады және бұл шығындардың барлығы қарыз алушының қарызына қосылады, ол өсе бастайды, осыған сәйкес борышкердің борышы да арта түседі.

Ерте ме, кеш пе қарыз алушының сот шешімін немесе жеке сот орындаушыларының талаптарын орындауына тура келеді. Берешек жоқ болып кетпейді, оны өтеуге тура келеді, сондықтан алғашқы кезеңдерде кредитормен келіссөзге бару керек.

Егер борышкер банкпен немесе МҚҰ-мен байланысқа шықпаса, онда кредит ұйымы борышкердің өзінің активтері мен кіріс көздерін жасырады не білдіргісі келмейді және т.б. деп санайды. Мен мұны дұрыс тәсіл деп санаймын және кредиторға байланысты туындаған барлық проблемалық мәселелерді кредитормен келіссөздер үстелінде шешуге кеңес беремін.

Банкроттық рәсімі қолданылған азаматтар үшін оның салдары қандай болмақ?

Бірінші кезекте, банкроттық рәсімдерін қолданғысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасағым келеді.

Назар аударыңыз! Бұл мемлекеттен берілетін кредиттік рахымшылықтың жалғасы емес – Банкроттық туралы заң мұндай мақсатты көздемейді. Банкроттықты азаматтар ең соңғы, мәжбүрлі шара ретінде қарастыруы керек және бұл туралы заңды әзірлеушілер мен уәкілетті мемлекеттік органдар үнемі хабарлайды.

Банкроттық барлық басқа шаралар нәтиже бермеген жағдайда, борышкердің борыш жүктемесін төмендетудің қандай да бір тетіктері болмаған кезде ғана қолданылуы мүмкін.

Екіншіден, ешқандай жағдайда Банкроттық туралы заңды жауапкершіліктен бас тарту мүмкіндігі ретінде қарастыруға болмайды. Бұл факті анықталған жағдайда, мысалы мүлікті жасырып қалу және тағы басқа, әкімшілік жауапкершілік және банкроттық рәсімдерді жою көзделген.

Үшіншіден, банкроттық рәсімі қолданылғаннан кейін ол адам бес жыл бойы банктік қарыз да микрокредит те ала алмайды, тіпті кепілгер немесе қоса қарыз алушы да бола алмайды. «Банкрот» мәртебесі бар адам автокөлікке немесе ипотекаға кредит берудің мемлекеттік жеңілдікті бағдарламаларына қатыса алмайды. Кредиттік ұйымдардың ішкі саясаттарына сәйкес, 5 жыл өткеннен кейін де кредиторлар бұл адамдарды басты назарда ұстауы әбден мүмкін.

Сонымен қатар, мынаны білген жөн – «банкрот» мәртебесі бар адамдар жеті жыл ішінде бұл рәсімге қайта өтініш бере алмайды.

Толығырақ "Кредиттер" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге