Жауапкершілікті сақтандыру - ол нақты қашан қажет?

time 15.06.2021
aye 4974
Жауапкершілікті сақтандыру - ол нақты қашан қажет?

Fingramota.kz сақтандыру тақырыбына арналған материалдар топтамасын жариялауды жалғастыруда.

Бүгін біз жауапкершілікті сақтандыру ұғымын және ол нақты қашан қажет болатынын қарастырамыз.

Жауапкершілікті сақтандыру – бұл сақтандырудың алуан түрлерін біріктіретін және сақтандыру оқиғасының басталу тәуекелін тәуекелмен жұмыс істеуге құзыретті мамандары бар кәсіпқойға – сақтандыру ұйымына ауыстыру арқылы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау тәсілі ретінде әрекет ететін сақтандыру саласы .

Басқаша айтқанда, жауапкершілікті сақтандырудың көмегімен сіз абайсызда келтірген зиянды өтей аласыз.

Жауапкершілікті сақтандыру міндетті және ерікті болып табылады.

Міндетті сақтандыру – бұл заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру, оның түрлері, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.

Егер сізде автокөлік болса, оны сақтандыру полисінсіз (сақтандыру шарты) жүргізе алмайсыз. Бұл жағдайда жауапкершілікті сақтандыру міндетті талап болып табылады.

Ерікті сақтандыру – қолайсыз жағдайда сіздің мүддеңізді қорғайтын сақтандыру. Міндетті сақтандыруға қарағанда, өзара келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушы арасында жасалатын шарт негізінде ғана туындайды.

Ерікті сақтандыру өзге де жағдайларды қамтиды, мысалы, сіз біреудің мүлкін абайсызда бүлдіріп алсаңыз, демек сіздің әдейі жасалмаған іс-әрекетіңізден зардап шексе.

 

Толығырақ мына "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге