Жаздағы сақтандыру: ол сіздің балаңызға қажет пе?

time 2.06.2022
aye 4490
Жаздағы сақтандыру: ол сіздің балаңызға қажет пе?

Балалар үнемі қозғалыста болады, жаңа қызықты оқиғаларды іздейді, сол арқылы ата-аналарын алаңдатып қояды. Әсіресе балалардың бос уақыттары көп болатын жаз мезгілінде алаңдауға себеп көп.

 

Балалар алаңында болсын, гаражда, тіпті үйде болсын балаға кез келген жерде қауіп төнуі мүмкін. Жазатайым жағдайлардан сақтандыру немесе «балаларды сақтандыру» сізді жарақат алу, бір жерін ұрып алу, сындырып алу сияқты жазатайым жағдайлардан туындайтын қосымша шығындардан құтқара алады. Сақтандыру жағдайы орын алған уақытта балаға дер кезінде және білікті жедел жәрдем көрсетіледі.

«Балаларды сақтандырудың» қандай түрлері болады?

 Сіз балаңыздың өмірі мен денсаулығын сақтандыруға арналған полисті сатып алсаңыз болады. Сондай-ақ балалар үшін жеке сақтандыру да бар, ол жарақат алу, аурудың белгілі бір түрлері, жәндіктердің шағып алуы тәрізді әртүрлі қауіп жағдайларына бөлінеді. Кейбір компаниялар тіпті кененің шағуынан да сақтандыру ұсынады.

Сақтандыру жағдайы басталған кезде төлем алуды қарастыратын жинақтаушы сақтандыру бар. Бірақ бұл сақтандырудың негізгі мақсаты болашақта қандай да бір мақсатқа, мысалы, университетке түсу үшін қаражат жинау болып табылады.

Бұл жерде белгілі бір жасқа келгенде баласына қандай сома қажет болатынын ата-аналар  өздері шешіп, сақтандыру компаниясының көмегімен жинақтауды бастайды. Бұл тиімді және ыңғайлы. Бірақ мұндай қаржы құралына инвестициялау қысқа мерзімде – 1-2 жылда жүзеге асырылмайтынын түсіну керек, бұл -  ұзақ мерзімді инвестициялар. Баланың шотына  қанша ақша салып отыру керектігі және қандай кезеңділікпен салу керектігі тараптардың келісімі бойынша анықталады.

Мұндай сақтандырудың артықшылықтары қандай?

Бірінші – 2 жастан 18 жасқа дейінгі баланы сақтандыруға болады.

Екінші – сақтандыру полисі жазатайым оқиға нәтижесінде баланың өмірі мен денсаулығына зиян келтірумен байланысты жағдайларды өтейді.

Үшінші – сақтандыру баланы алған жарақаттардан кейін емдеу мен қалпына келтіру шығындарын өтейді. Сақтандыру құны сақтандыру мерзіміне, сақтандыру қорғанысының қолданылу уақытына, таңдалған сақтандыру сомасына, сондай-ақ баланың айналысатын спорт түріне, болған жағдайда (альпинизм, су астында жүзу, ауыр атлетика, көркем гимнастика, мотоспорт және т.б.) байланысты болады.

Төртінші-сақтандыруды үйден шықпай-ақ онлайн ресімдеуге болады.

Сақтандыру жағдайы орын алған уақытта ата-аналар дереу сақтандыру шартында көрсетілген медициналық мекемеге жүгінуге тиіс. Медициналық көмек көрсетіліп, медициналық мекеме қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін сақтандыру өтемін алу үшін сақтандыру компаниясына хабарласу керек. Әр компанияда құжаттар деректерінің өз тізбесі болады, оны алдын ала нақтылау қажет.

Сақтандыру төлемі белгіленген, ал кейде ол сақтандырылған адамның  шығындарының бір бөлігін ғана өтейтін болады, бұл шарт талаптарына байланысты болып келеді. Сақтандыру төлемінің мөлшері балаға келтірілген зиянның ауырлығымен айқындалады. Сондықтан сақтандыру шартына тиісті назар аудара отырып, оған жауапкершілікпен қарау керек.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге