2025 жылғы 16 сәуірде Алматы экономикалық колледжінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Банктік карталар: жұмыс істеу принциптері және заманауи үрдістер» тақырыбында қонақ дәріс өтті, дәрісті қаржы технологиялары саласындағы сарапшы - Дмитрий Акмаев жүргізді.
Іс-шара барысында банктік карталардың негізгі түрлері, қауіпсіздік механизмдері, технологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ цифрлық төлемдер мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қазіргі заманғы үрдістері талқыланды.
Жеке деректерді қорғау, байланыссыз төлем жасау технологиялары және цифрлық қаржы құралдарының дамуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәріске қатысқан студенттер тақырыпқа үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірталасқа атсалысты. Бұл өз кезегінде олардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
Аталған дәріске «Банк және сақтандыру ісі» және «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандықтарының студенттері қатысты.
WhatsApp-ғы жаңа қатер және одан қалайша қорғану қажет. ҚНРДА қазақстандықтарды ескертеді
Жаңа жағдайлардағы жеке пәтер: 2026 жылы ипотекамен не болады
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қандай жағдайларда банк сіздің картаңызды немесе банктік шотыңызды бұғаттай алады
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы