Алматы экономикалық колледжінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы аясында арнайы «Қаржылық сауаттылық» кабинеті ашылды.
Жоба Агенттіктің және серіктестері — KZI Bank пен Nomad Insurance сақтандыру компаниясының қолдауымен жүзеге асты.
Енді колледждің 1300-ден астам студенті жеке қаржыны, кредитті, инвестиция мен сақтандыруды басқару және киберқауіпсіздік саласындағы практикалық дағдыларды меңгере алады. Оқыту интерактивті форматта өтеді: іскерлік ойындар, мастер-класстар, кейстер мен қаржы саласының сарапшыларымен кездесулер арқылы жүзеге асады.
«Бұл — жастарға өмір бойы серік болатын білімге салынған инвестиция», — деді колледж директоры Қасымбек Ж.Т.
Аталған кабинет Fingramota.kz жобасының тұрақты алаңына айналып, студенттердің қаржылық дағдыларын нығайтуға және ақшамен жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауға ықпал ететін болады.
Қаржылық сауаттылық жөнінде балаларға арналған жаңа кітап: Freedom Life ӨСК және FinGramota.kz бірл...
Кері байланыс: қазан айында жиі қойылған сұрақтарға жауаптар
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?
Еурохаттама: шығынды өтеудің жеңілдетілген процесі
Сатып алулар жасау үшін виртуалды картаны қалайша дұрыс пайдалану қажет
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді