Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) жанындағы Қаржылық сауаттылық жөніндегі сараптамалық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Сараптамалық кеңестің басты міндеті – халықтың білімі мен дағдыларын жақсартуға бағытталған елдегі қаржылық сауаттылықты дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеу және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар мен материалдарға сараптамалық бағалауды қалыптастыру.
Сараптамалық кеңеске қаржы ұйымдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, кәсіби экономистер мен қаржыгерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері, блогерлер мен пікір көшбасшылары кірді.
Отырыс барысында Fingramota.kz жобасының өкілдері қаржылық сауаттылық деңгейін әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері, негізгі үрдістер мен проблемалық мәселелер туралы айтып берді.
«Көп ойнаған бір жылар»: неліктен алаяқтармен ойнау жақсылыққа әкелмейді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Дропперлік және money mule схемалары: басқаның ақшасы сіздің проблемаңызға айналған кезде
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді