Қазақстан өңірлерінде кәсіпкер әйелдерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер өтуде

time 21.11.2022
aye 8

2022 жылғы қазан айында Шелек кентінде, Түркістан және Қарағанды қалаларында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Solva компаниясы ұйымдастырған «Әйел және ақша» тақырыбында қаржылық сауаттылық бойынша қазақ тілінде тренингтер өтті.

Оқыту іс-шараларының мақсаты – кәсіпкер әйелдер арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру және өңірде шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесу.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, олардың алдында кәсіпкер әйелдер арасында базалық қаржылық білімнің тапшылығын толтыру, сол арқылы оларға өз істерін тиімді басқаруға көмектесу, нәтижесінде өңірлерде өмір сүру сапасын арттыру міндеті тұрды.

Агенттіктен Өңірлік өкілдер басқармаларының қызметкерлері: Қарағанды қаласынан – Жәнібек Мәметқұлов пен Наталья Кирсанова, Түркістан қаласынан – Мадина Сапақова сөз сөйледі.

«Агенттік Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде өңірлерге баса назар аудара отырып, барлық нысаналы топтарды қаржылық оқыту бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыс бірнеше бағыттар бойынша жүзеге асырылуда, олардың бірі – тренингтер, дәрістер, жауапты түрде кредит беру, инвестициялық сауаттылық, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және онлайн-алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан қорғау тәсілдері тақырыптары бойынша вебинарлар түріндегі оқыту іс-шаралары», – деп атап өтті қаржы реттеушісінің өкілдері. Сонымен бірге олар халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Fingramota.kz жобасы және қаржы ұйымдарымен, МҚҰ-мен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарға консультация беруге арналған кері байланыс арналары туралы толық мәлімет берді.

«Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің белсенділігі күннен-күнге артуда, мұндай бизнестердің ауқымды үлесі өңірлерге тиесілі. Бұл жерлердегі бизнес иелерінің басым бөлігінің қазақ тілінде сөйлеушілер екенін ескере отырып, Solva компаниясы Қаржы нарығын реттеу жэәне дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасымен бірлесіп, қаржылық сауаттылық жөніндегі курсты мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдады. Қатысуышардан келіп түскен пікірлерді сараптай келе, бұл дұрыс және уақтылы қабылданған шешім екеніне көзіміз жетті. Көптеген кәсіпкерлер өз істерін бастаған кезде бизнестің қаржылық жағына көп мән бермейді, ол жөніндегі білімдері жеткіліксіз болады. Біздің тренинг бұл сұрақтарға жан-жақты, толық жауаптар алуға көмек береді», деп Solva-ның бас директоры Анна Максимова мәлімдеді.

«Ақшаға немқұрайлы, ұқыпсыз қарау адамның өмір сүру сапасын төмендетеді. Егер әйел отбасының бюджетін басқара білсе, бұл бизнестегі ақшаны сауатты пайдаланудағы бірінші қадам. Семинарларда біз әйелдердің қаржылық ой-санасы, кәсіпорынның қаржысы, жеке және отбасы бюджеті сияқты тақырыптарды қозғаймыз», – деді Алматы қ. №1 Қаржылық сауаттылық мектебінің басшысы Акжүніс Брасилова.

2022 жылғы 25 қарашада еліміздің астанасында әйелдер аудиториясына арналған тренинг өтетінін атап өтеміз. Бұл күні ҚНРДА-ның Астана қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының бастығы Рустам Габдулгафеев кәсіпкерлердің интернет-алаяқтарының арбауына түсіп қалмаулары және қаржы пирамидаларының белгілерін қалайша танып білуге болатыны жөнінде айтып береді.



white-arrow Тізімге