Қазақстан студенттері үшін жастар бизнес-форумы өтті

time 25.11.2022
aye 4

2022 жылғы 25 қарашада ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қатысуымен Алматы қаласында 600-ден астам студентке арналған «Business Collaboration Forum» деген жастарға арналған ауқымды бизнес-форумы өтті.

Бизнес-форумның мақсаты – еліміздің дарынды жастарының мүмкіндіктерін кеңейту үшін бірегей алаң құру, олардың бірегей идеяларын енгізу және инновациялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ жас стартаптарға қолдау көрсету.

Іс-шара барысында бизнес-тәлімгерлермен интерактивті сессиялар өткізілді.

Сессиялардың бірі студенттердің қаржылық сауаттылығына арналды. Бүгінгі күні Қазақстанда қандай алаяқтық схемалар жиі кездеседі, жас кәсіпкерлер өздерін және дербес деректерін қалай қорғай алады, қаржы пирамидаларын қалай тани алады және әлеуметтік инженерлердің айла-амалдарына түсіп қалмау үшін не істеу керек, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын кім қорғайды – осы және басқа да мәселелерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Алматы қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының бас маманы Сара Латифова өз дәрісінде атап өтті.

Дәріс қорытындысы бойынша сұрақ-жауап сессиясы өтті. Қаржылық алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан қорғау тақырыбы студент жастар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Агенттік жастар кәсіпкерлігін және Enactus Kazakhstan жобаларын қолдауды ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 қаулысымен қабылданған Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтеміз.

Students In Free Enterprise немесе Enactus халықаралық бағдарламасы – бұл қосымша білім берудің тәжірибеге бағдарланған алаңы.

Enactus бағдарламасы әлемнің 34 елінде бар, бизнес көшбасшыларын, студент жастарды және профессор-оқытушылар құрамын біріктіреді. Enactus Kazakhstan қызметі қазақстандық жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және олардың отандық бизнесті дамытуға белсенді қатысуы жөніндегі міндеттерді іске асыруға бағытталған.

white-arrow Тізімге