Ағымдағы жылдың 8–9 ақпанында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағында құтқару қызметі қызметкерлеріне арналған зейнетақы жинақтары мен қаржылық жоспарлау негіздеріне қатысты семинар өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Fingramota.kz халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жобасы аясында ұйымдастырылып, азаматтық қорғау жүйесі қызметкерлерінің зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталды.
Семинар барысында «БЖЗҚ» АҚ Алматы қаласы филиалының өкілдері — Айнұр Қуанова, Күлбану Мұсаева және Алсу Сариева презентациялармен сөз сөйледі. Спикерлер Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің құрылымын, зейнетақы жинақтарының қалыптасу тәртібін, зейнетақы жарналарының түрлері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау шарттары мен олардың мөлшері туралы жан-жақты түсіндірді.
Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәселелеріне, зейнетақы жинақтарын арттыру мүмкіндіктеріне және жеке зейнетақы шотының жай-күйін тұрақты бақылаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға зейнетақы жинақтары мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты онлайн форматта алуға мүмкіндік беретін «БЖЗҚ» АҚ-ның цифрлық сервистері туралы еске салынды.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу ҚР ТЖМ қызметкерлерінің қаржылық және құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, жеке қаржыны басқаруда жауапты көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ құтқару бөлімшелері қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын нығайтуға ықпал етеді.
Семинар соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақымен қамсыздандырудың өзекті мәселелері бойынша практикалық ұсынымдар берді.
Бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер: инвестор үшін нені білу маңызды
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Жаңа қағидалар: коллекторлар бұдан былай борышкерлермен қалай жұмыс істейді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?