ШҚО-да мыс өндіру компаниясының қызметкерлері үшін қаржылық сауаттылық бойынша лекциялар болып өтті

time 23.09.2022
aye 10

Оқыту іс-шараларына Агенттіктің Өскемен қаласындағы Өңірлік өкілдер басқармасының (бұдан әрі - Агенттіктің ӨӨБ) қызметкерлері қатысты, олар 200-ден астам тыңдаушыларға қаржылық алаяқтықтың басты айла-шарғылары мен схемалары жөнінде айтып берді және аталған тақырып бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.

Соңғы уақытта интернетте, әсіресе әлеуметтік желілерде инвестициялық онлайн-платформаларда немесе ақылы сауалнамалардың көмегімен жеңіл және тез пайда табу көздері туралы жарнама жиі шығуда. Мұндай хабарламаларда (посттарда) ірі қазақстандық банктердің, өндіруші компаниялардың атаулары мен логотиптері пайдаланылады.

Мәселен, Facebook-ті KAZ Minerals жариялаған посттар «шарлап жүр», онда «53 мың теңге бастапқы инвестиция құйып, 4 апта ішінде 890 мың теңгеге дейін табыс әкелетін бірегей жоба» жарнамаланады. Алайда, мұндай таңғажайып-платформаға кіруге рұқсат алу үшін постта көрсетілген сілтеме бойынша кіріп, сауалнамадан өту қажет.

Алаяқтар аталған платформаны Қазақстанда енгізілуі әлі басталмаған да «Халықтық IPO» шеңберінде жүзеге асырылатын мемлекеттік платформа деп таныстырып, KAZ Minerals-тың активтеріне инвестициялаудан 220 мың теңге мөлшерде дивидендтер алуға уәде береді.

«Сұрақтарға жауап бергеннен кейін сізді өз деректеріңізді: атыңызды, тегіңізді, электрондық мекенжайыңыз бен телефон нөміріңізді қалдыруды сұрайды. Ешбір жағдайда бұлай жасамаңыз! Жалпы күмәнді сілтемелер бойынша өтудің қажеті жоқ, себебі қаскүнемдер үшін заманауи технологиялардың көмегімен пайдаланушы жөнінде олардың фишингтік сайтында «көрініп қалған» ақпаратты біліп алу түкке тұрмайды, және оны олар бұдан әрі алаяқтық шабуылдар үшін пайдаланады», -деп ескертті қаржы реттеушісінің өкілдері.

Алаяқтық схемаларды қалайша танып білуге болады деген тыңдаушылардың сауалдарына спикерлер бірнеше ұсынымдар берді:

«Доменге назар аударыңыз, сілтеменің атауының өзі сізді ойландыруы тиіс. KAZ Minerals компаниясы Қазақстандағы жетекші мыс өндіруші болып табылады, алайда жарнамалық посттарда оның ресми аккаунты пайдаланылмайды. Бұл ретте, аталған компанияның алаяқтар брендтің атауы мен логотипін қолданатын кез келген басқа компания сияқты бөгде ресурстарда ақшалай сауалнама жүргізетіні күмәнді. Ақпаратты қайта тексеру үшін тек ресми нөмірлер бойынша оның атынан сауалнама жүргізілетін ұйымға қоңырау шалу қажет».

Лекция барысында сөз сөйлеушілер күмәнді талаптарымен «кірістілігі жоғары» инвестициялық онлайн-жобалары бүркемеленетін заманауи қаржы пирамидаларының белгілері жөнінде пайдалы ақпаратпен бөлісті.

«Мұндай қаржы пирамидасының айырықша белгілерінің бірі қаржы реттеушісінің лицензиясының болмауы. Қызметін Қазақстанда жүзеге асыратын барлық қаржы ұйымдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бақылауында және олардың тиісті лицензиясы бар. Оның бар-жоғын қаржы реттеушісінің www.gov.kz сайтында тексеруге болады. Егер ұйым сізге қор нарығында өз қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны көрсететін болса, ал Агенттіктің сайтында ол болмайтын болса, онда – бұл алаяқтар», - деп ескертті Агенттіктің ӨӨБ өкілдері және қаржы пирамидаларының басқа негізгі белгілері жөнінде айтып берді. Олардың ішінде:

1) «есепсіз табысқа кенелуге» уәде ету – салынған ақша қаражатынан қысқа мерзім ішінде үлкен пайда алу;

2) ақшалай жарна енгізуді талап ету;

3) ақшаны «жеке менеджердің» банктік картасына аудару туралы өтініш;

4) компанияның сайтында меншік иесі туралы мәліметтердің, оның заңды мекенжайының және байланыс деректерінің болмауы;

5) интернетте компания туралы пікірлердің болмауы;

6) әлеуметтік желілерде үсті-үстіне жарнама беру;

7) менеджердің жасырын нөмірден немесе тәуліктің кез келген уақытында әр түрлі нөмірлерден қоңырау шалуы.

Сондай-ақ, олар Агенттіктің жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдардың тізімін тұрақты түрде жаңартып отыратынын айтты. Онымен қаржы реттеушісінің www.gov.kz интернет-ресурсынан танысуға болады.

Тізім қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясына кірмейтін 154 субъектіні қамтиды. Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарау, азаматтық қоғам институттары ретінде әрекет ететін мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде құрылған.

«Агенттік тізімінде көрсетілген ұйымдармен қаржылық операциялар жасау азаматтар үшін салынған қаражатты жоғалтуға барынша қауіп төндіруі мүмкін!»,-деп атап өтті сөз сөйлегендер.

«Егер сіз қаржы алаяқтарының құрығына түсіп қалсаңыз, оларға өзіңіз туралы маңызды конфиденциалды мәліметтерді, төлем карталарының деректемелерін берсеңіз немесе қаржы пирамидаларына тап болсаңыз, онда дереу құқық қорғау органдарына өтініш жасаңыз! Сондай-ақ қаржы пирамидалары жайлы Агенттікке 1459 нөмірі бойынша call-орталық арқылы немесе «Fingramota Online»» мобильдік қосымшасы арқылы хабарлауыңызға болады», - деп қорытындылады Агенттіктің ӨӨБ өкілдері.

white-arrow Тізімге