2022 жылғы 1 – 11 қараша аралығында Fingramota.kz қолдауымен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері мен оқытушыларына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) қолдауымен дәрістер өткізілді. Аталған іс-шараға қаржы реттеушісінің өкілдерінен басқа, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА), «БЖЗҚ» АҚ, КАSЕ, Алматы қаласындағы № 1 қаржы сауаттылығы мектебінің және «Номад Иншуранс СК» АҚ қызметкерлері қатысты.
Екі апта ішінде спикерлер студенттерге қаржылық сауаттылық тақырыбында дәрістер оқыды. Олар Fingramota.kz. медиа порталы туралы, қаржылық сауаттылық не үшін қажет, жеке бюджетті басқаруды қалай үйренуге болады, кибералаяқтыққа немесе қаржы пирамидаларына тап болған жағдайда не істеу керек, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы мен инвестициялық құралдар, ҚР зейнетақы жүйесі, сақтандыру өнімдері мен қызметтері туралы айтып берді.
Дәрістерге ЖОО-ның 200-ден астам студенттері мен оқытушылары қатысты, олар белсенді түрде сұрақтар қойып, кәсіби мамандардан жан-жақты жауаптар алды. Шақырылған қонақтар қаржылық кейстермен бөлісті және мысалдармен белгілі бір жағдайда қалай әрекет ету керектігі туралы айтты.
Бұл іс-шараның Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын орындау шеңберінде өткізілгенін атап өтеміз.
Дропперлер дегеніміз кім және бұл неліктен қауіпті
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Салықтық шегерімдер дегеніміз не және оның көмегімен қалай үнемдеуге болады?
Аңыздарды жоққа шығарамыз: коллекторлармен қалай өзара іс-әрекет етуге болады
Сақтандыру не үшін қажет және сақтандыруда қандай тәуекелдер болуы мүмкін?