Үй бюджеті – бұл отбасының жалпы кірісі мен шығысын қамтитын қаржылық жоспары.

Бюджеттің негізгі міндеті – ақша қаражаттарын дұрыс бөлу.

Бюджет – пайдалы құрал, оның көмегімен біз:

• қаржылық жағдайымызды дәл бақылаймыз;

• шығындар мен жинақ ақша жөнінде саналы шешімдер қабылдай аламыз;

• қажетсіз шығындарды азайта аламыз;

• қаржылық мақсаттарға тез жете аламыз, мысалы: автокөлік сатып алу;

• пәтер сатып алу, шетелге демалуға шығу.


Біз апта, ай (немесе тіпті бір жылға) ішіндегі табыстар мен шығыстардың жоспарын құрып қана қоймаймыз, сонымен бірге жоспарларымыздың орындалуын нақты бақылап, бюджет бойынша болжамдар құрамыз және басқа да әрекеттерді орындай аламыз!


БЮДЖЕТТІ ҚҰРУ – КҮРДЕЛІ АМАЛ ЕМЕС! ОЛ ЭКОНОМИКА НЕМЕСЕ МАТЕМАТИКА САЛАСЫНАН АРНАЙЫ БІЛІМДІ БОЛУДЫ ТАЛАП ЕТПЕЙДІ!

Үй бюджетін жүргізуді кез келген адам үйрене алады, тек оның тиімділігіне көз жеткізіп, нақты іске кірісу керек. Оның нәтижесін бір айдан кейін байқауға болады, сіз бюджеттің әлдеқайда тиімді басқаруға көмектесетініне көз жеткізесіз.

Нұрлан мен Алияның оқиғасын қарастырайық.


Нұрлан базарда құрылыс материалдарын сатады, Алия – жекеменшік мектепте биология пәнінің мұғалімі. Олар өз үйінде үш баласымен және Алияның анасымен бірге тұрады. Олардың ортақ отбасылық қоры Алия алатын айтарлықтай жалақысымен, Нұрланның маусымдық табысымен және әжейдің зейнетақысымен толығады. Алия мен әжей жалақы, зейнетақыларын айдың әр күнінде алады, ал Нұрлан тиімді бағамен тауарлар сатып алу үшін ақшаны кейде бизнеске салып жібереді.Өкінішке орай, бұндай жағдай аяқ астынан орын алатындықтан, Нұрланның ақшасына толық үміттенуге болмайды.

Материалдық тұрғыда отбасының әл-ауқаты жақсы, бірақ жағымсыз жағы: үнемі қарыз алуға тура келеді. Көп шығын шығармаса да ақшаның қайда кетіп жатқаны түсініксіз. Біресе кезекті жалақыға дейін азық-түлік пен басқа да күнделікті қажеттілікке ақша жетпей қалады, кейде Нұрланның саудасына қатысты күтпеген шығындар пайда болады, клиенттері де қарызын уақытылы қайтармайды, біресе әжей ауруханаға түсіп қалады да қымбат дәрі-дәрмекке ақша жұмсауға тура келеді. Ал жақында туысқаны үйлену тойына шақырту қағазын жіберді, тағы да шығын. Әрине, бұл күтпеген оқиға емес, үйлену тойының болатыны бұрыннан белгілі болатын, десе де оны ескермей алдын ала ақша бөліп қоймапты. Үйлену тойына лайықты сыйлық тарту және сәнді киім сатып алу үшін тағы да қарыз алуға тура келеді. Осыған орай көптен бері жоспарланып жүрген жаңа терезелерді орнату мәселесі тағы да .. кейінге қалдырылады.

Бұл оқиғадан біз Нұрлан мен Алияның отбасында қаржы тұрғысынан орын алған мәселені көріп отырмыз:

  • отбасы келесі айдағы табыстың нақты көлемін және қанша қаражат жұмсайтынын білмейді;
  • отбасы шығыстарының жоспары жоқ және шығындар қадағаланбайды;
  • кездейсоқ сатып алуға жол береді, көп қаржы жоспарланбаған және қажетсіз шығындарға жұмсалуы мүмкін;
  • күтпеген жағдайларға дайын емес;
  • күрделі шығындарға қатысты қаржылық мақсаттар жоспарланбайды, нәтижесінде ағымдағы ұсақ шығындар жиі орын алатындықтан, күрделі шығындарды қаржыландыруға шамасы келмейді.


ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Нұрлан мен Алияның отбасына қандай кеңес бере аламыз?

  • Отбасылық бюджетті құру және оның орындалуын бақылау.
  • Күнделікті, әсіресе жоспарланбаған шығындарды қадағалау.
  • «Ақша ұрлаушылармен», яғни отбасының өмір сүру сапасын төмендетпей, сатып алмауға да болатын заттармен күресу бойынша стратегия қабылдау.
  • Күтпеген оқиғаларға арнайы жұмсалмайтын қор (ЖҚ) құру және оны отбасының болжанбаған шығыстарына орта есеппен бір ай ішінде жұмсалынатын белгілі бір сомаға дейін тұрақты түрде толықтырып отыру.
  • Жалпы табысты жалпы шығыстармен салыстыра отырып, отбасының ай сайын жинақтай алатын соманы бөліп қою.
  • Қаржылық мақсаттар қою және оларды жинақталған ақша мүмкіндіктерімен және оған қол жеткізу мерзімдерімен салыстырып отыру.
  • Табыстар мен шығыстардың есебін күнделікті жүргізу (жазбаша немесе электронды түрде: мысалы, IOS AppStore және Android PlayMarket платформаларында кіріс пен шығысты есепке алу бойынша көптеген қосымшалар бар).

  • ЖАНДОСТЫҢ ОТБАСЫНА ОСЫ ҮЛГІ НЕМЕСЕ КЕСТЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.
  • СІЗ ДЕ ОСЫ БОЙЫНША ӨЗ БЮДЖЕТІҢІЗДІ ҚҰРЫП КӨРІҢІЗ.


    • ОТБАСЫЛЫҚ БЮДЖЕТ
    • А
    • Кіріс:
    • Сома

    • Бизнестен түскен табыс


    • Жалақы


    • Зейнетақы


    • Жинақ ақша бойынша пайыздан түскен табыс


    • Ақша аударымдары


    • Жалға беруден түскен табыс


    • Басқа да кірістер


    • Жиыны

    • Б
    • Шығыс:
    • Сома
    • 1
    • Отбасының қажетті шығыстары:
    •  

    • Тамақтану
    •  

    • Коммуналдық төлемдер
    •  

    • Көлік шығындары
    •  

    • Оқу ақысын төлеу
    •  

    • Медициналық шығыстар
    •  

    • Тұрмыстық химия
    •  

    • Басқалары
    •  

    • Жұмсалмайтын қор
    •  

    • Жиыны
    •  
    • 2
    • Бизнес шығыстары:
    •  

    • Тауарды/шикізатты сатып алу
    •  

    • Көлік
    •  

    • Басқалары
    •  

    • Салықтар
    •  

    • Жиыны
    •  
    • 3
    • Берешек бойынша шығыстар
    •  
    •  
    • Қарыз төлемі
    •  
    •  
    • Тауарлық кредит
    •  
    •  
    • Жиыны
    •  
    • 4
    • Ойын-сауыққа жұмсалатын шығыстар
    •  
    •  
    • 1
    •  
    •  
    • 2
    •  
    •  
    • Жиыны
    •  
    • Б
    • Жалпы шығыстар
    •  
    • В
    • Жинақ ақша
    •  

ОТБАСЫ БЮДЖЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бюджетті дұрыс құру үшін біз табыс көзін және шығыстар бабын дұрыс бөлуіміз керек.

ОТБАСЫ КІРІСТЕРІ:

  • тұрақты – жалақы, зейнетақы, шәкіртақы;
  • мерзімді – сыйлықақылар, біржолғы табыстар;
  • маусымдық;
  • уақытша.

ОТБАСЫ ШЫҒЫНДАРЫ:

  • тұрақты (азық-түлік, шаруашылық тауарларын сатып алу, коммуналдық қызметтерді, жолақы, оқу ақысын және т.б. төлеу);
  • бизнеске (тауарларды сатып алу, орынды жалға алу және т.б.);
  • жоспарланған отбасылық шаралар және басқа оқиғалар;
  • болжанбаған;
  • кредиттер бойынша төлемдер.

ҚАРЖЫЛЫҚ МАҚСАТТАР ҚОЮ

Біз отбасылық өмірдегі ірі шығындармен байланысты кез келген оқиғаны қаржылық мақсаттар деп атаймыз.

Мақсаттар әртүрлі болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттарға жылдам, ұзақ мерзімді мақсаттарға біртіндеп қол жеткізіледі.

Сіз өз мақсаттарыңызды анықтағаннан кейін олардың әрқайсысына жету шығындарын есептеңіз және жету мерзімдерін белгілеңіз. Содан кейін, әрбір мақсатқа жету үшін айына қанша сома жинай алатыныңызды бағалаңыз. Бұл отбасының жалпы табысынан барлық шығыстарды алғаннан кейін қалатын сома болуы тиіс. Мақсаттарыңызға жету үшін жеткілікті соманы қандай мерзімде жинай алатыныңызды есептеңіз.

Қаржылық мақсаттар қою үшін қажет:

1. Қандай соманың қажет екенін анықтау;

2. Мақсатқа жету мерзімін білу;

3. Белгілі бір соманы ай сайын жинау.


Қаржылық мақсаттарды жоспарлау үшін Сізге келесі кесте пайдалы болады, онда Сіз өзіңіздің қаржылық мақсаттарыңызды жаза аласыз


Мақсат

Қажет сома

Мерзім

Ақша жинау мүмкіндіктері

Мысалы: Жаңа жиһаз сатып алу

300 000 теңге

10 ай

Ай сайын 30 000 теңгеден











































МАҚСАТЫҢЫЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН АЙЫНА ҚАНША СОМА ЖИНАЙ АЛАТЫНЫҢЫЗДЫ БАҒАЛАП,ОТБАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ТАБЫСЫНАН БАРЛЫҚ ШЫҒЫСТАРДЫ ШЕГЕРГЕННЕН КЕЙІН ҚАНДАЙ СОМА ҚАЛАТЫНЫН НАҚТЫ БІЛУ ҚАЖЕТ.

БЮДЖЕТТІ ЖҮРГІЗГЕН КЕЗДЕ, ӘДЕТТЕ ОТБАСЫ ӨЗІНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЕҢ КЕМ ДЕГЕНДЕ 10%-ын ҮНЕМДЕЙ АЛАДЫ, ӨЙТКЕНІ ШЫҒЫСТАРДЫ ЖОСПАРЛАМАҒАН КЕЗДЕ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН АРТЫҚ ШЫҒЫНДАРДЫ БАЙҚАЙ АЛАДЫ.

МАҚСАТЫҢЫЗДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ:

1. Әр айға бюджет құрыңыз және оны ұстануға тырысыңыз;

2. Өз шығыстарыңыздың есебін жүргізіңіз;

3.Әсіресе жоспарланған шығыстардан асып кететін болса, іс жүзіндегі шығыстарыңызды талдаңыз;

4. Барлық шығыстардан кейін қалған соманы емес, Сіз бюджетте жоспарлаған соманы жинаңыз;

5. Күтпеген оқиғалар жағдайында отбасылық шығыстарға қаржылық қысымның түсуін жеңілдететін жұмсалмайтын қор құрыңыз;

6. Қаржылық мақсаттарыңызды дұрыс жоспарлаңыз: Сізге қандай сома, қандай мерзімге қажет екенін және Сіздің ақша жинау мүмкіндігіңіздің жағдайын анықтаңыз;

7. Қаржылық мақсаттарың басымдылықтарын және жүзеге асыру мүмкіндіктерін қайта қарастырыңыз;

8. Табандылық танытып, бүгіннен бастап өміріңізді жоспарлауды бастаңыз!