Криптовалюталық пирамидаларға тез пайда табатын адамдар түседі. Әдетте, оларда инвестициялар үшін бастапқы капиталы аз, қаржылық сауаттылық деңгейі төмен.
«Тез байып кетуге» үміттеніп, криптовалютаны сатып алу үшін жинақтары жеткіліксіз деңгейде болған жағдайда, олар кредит алады және қаржы пирамидаларына қаражат салады. Ықтимал құрбандардың санын көбейту, сондай-ақ олардың сеніміне кіру үшін алаяқтар криптобиржаларда жұмыс істеу үшін тегін оқыту өткізеді. Олар тыңдаушыларды жинайды, сандық активтерден қалай ақша табуға болатындығын үйретеді және инвесторларға олардың ақшасын сенімді басқару қызметтерін ұсынады.
Криптовалюталық пирамидаларға түспеу үшін олардың негізгі белгілерін білу керек. Бұл аса жоғары кірістілік кепілдігі, жаңа қатысушыларды тарту, анонимдік және қаржылық реттеуші лицензиясының болмауы.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша криптовалюта қаржы құралы болып табылмайды және инвестициялау объектісі ретінде мемлекеттік реттеу аясына кірмейді. Сондықтан криптовалюталармен мәмілелер жасау кезінде барынша абай болыңыз!»
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Мүгедектігі бар клиенттермен жұмыс істеу бойынша банктердің қызметкерлеріне арналған жадынама
Инвесторға салық декларациясын қалай тапсыруға болады: қадамдық нұсқаулық
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді