Кредиттер бойынша берешекті өтеу бөлігінде халыққа қолдау көрсету мақсатында Қазақстан коллекторлары қауымдастығы (ҚКҚ) мерзімі өткен борыштарды төлеудің жеңілдікті талаптарын қолдану жөнінде іс-шаралар жүргізеді.
Қайта құрылымдау рәсімінде мерзімі өткен берешегі бар барлық қарыз алушылар үшін, ең алдымен халықтың әлеуметтік осал топтарының (ХӘОТ) өкілдері, сондай-ақ қаржылық қиын жағдайға тап болған азаматтар үшін қолайлы өтеу кестесін ұсыну көзделеді.
Бұл ретте борышты қалпына келтірудің негізгі әдісі тиісті келісім жасасу жолымен өтеудің жаңа/жеңілдікті кестесін қалыптастыру болады. Кейбір жағдайларда қарызды ішінара есептен шығару нақты қарастырылады, бұл негізінен ХӘОТ санатындағы қарыз алушыларға қатысты.
Әрбір өтініш бойынша шешімді ҚКҚ-ға мүше коллекторлық агенттік дербес қабылдайды.
Осылайша, жоғарыда аталған іс-шаралар азаматтарға борыш жүктемесінен арылуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты ҚКҚ мүшелері қарыз алушы мен кредитор арасында ымыраға келу үшін жүйелі түрде жүргізеді деп жоспарлануда.
Қарыз алушылардың өтініш беруі үшін жалпы талаптар:
1. Берешекті талап ету құқығы коллекторлық агенттікке тиесілі болуы;
2. Берешекті қайта қаржыландыруды ҚКҚ мүшелері болып табылатын коллекторлық агенттіктер ғана жүргізеді.
Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішті:
1. Қазақстан коллекторлары қауымдастығының https://kzcollection.kz сайты арқылы;
2. ҚКҚ сайтында орналастырылған коллекторлық агенттіктердің электрондық мекенжайларына;
3. +7 776 508 33 00 нөміріне Whats арр арқылы жіберуге болады.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары