2025 жылғы 18 ақпанда «Бағалы қағаздарға инвестициялар: тәуекел және кірістілік» тақырыбында көшпелі дәріс өтті.
Дәрісті AlmaU Экономика және қаржы мектебі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасымен бірлесіп жастар арасында қаржылық сауаттылықтың біліктілігін арттыру шеңберінде ұйымдастырды.
Іс-шараның спикері «Freedom Broker» АҚ-тың клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджері Аяулым Ауан болды. Ол қор нарығының негізгі аспектілері, инвестициялаудың әр түрлі стратегиялары туралы айтып, жастарға қаржы әлемінде алғашқы қадамдарды сенімді түрде жасауға көмектесетін практикалық кеңестермен бөлісті.
Дәріс барысында студенттер мына мәселелер туралы білді:
- Қор нарықтары қалай жұмыс істейді және олардың қатысушылары қандай рөлдерге ие;
- Инвесторлар арасында қандай қаржы құралдары ең танымал;
- Ұзақ мерзімді инвестициялау мен белсенді трейдингтің айырмашылығы неде;
- Қандай стратегиялар тәуекелдерді барынша азайтуға және кірісті арттыруға көмектеседі.
Ұлттық компаниялардың IPO-ларына, сенімді акцияларды таңдауға және биржадағы сауданың қыр-сырына қатысты сұрақтар аудиторияның қызығушылығын тудырды.
Студенттер пікірталастарға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Дәріс барысында қатысушылар қор нарығының динамикасын көрсететін көрнекі мысалдарды, графиктерді және талдамалық деректер туралы пікір бөлісті.
Fingramota.kz жобасы қаржы нарығының әр түрлі салалары мен ұйымдарының сарапшыларын біріктіреді. 2025 жылы жастар түрлі қаржы өнімдерімен жұмыс істеу дағдылары мен білімін алатын студенттерге арналған осындай іс-шаралар Алматының тағы бірнеше университетінде жоспарланып, 50 мыңға дейін оқушыны қамтиды.
Қарыз тұзағынан шығудың жаңа мүмкіндігі: Finkelisim платформасы кредиттерді реттеу тәсілін қалай өзг...
Қарызға батыруы мүмкін интернет-алаяқтықтың екі тәсілі
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Барлығына несие береміз!» «Сұр» несиегерлер қандай схемаларды қолданады?
Қазақстан азаматтарға қарыз ауыртпалығын жеңуге қалай көмектеседі
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық