Балаларға арналған сақтандыру

time 6.11.2018

2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған сақтандыру

Әрбір ата-ананың өмірінде бір рет болса да баласының кездейсоқ құлап қалып, қолын не аяғын сындыруы, күйіп қалу, шығарып алу немесе ми шайқалу секілді жағдайлар орын алып жатады. Мұндай жағдайда не істеуге болады, оған қоса дәрігерлер не айтады? Баланы емдеп жазу үшін ақшаны қайдан алуға болады? Балалар аяқ астынан жарақттанады емес пе. Міне, осындай жағдай орын алған кезде сан түрлі сұрақтар қойып, өз-өзіңізді кінәламас үшін балаңызды сақтандырсаңыз болғаны. Балаларға арналған сақтандырудың тиімді түрі – жазатайым жағдайдан сақтандыру. Балалар мен жасөспірімдер қыста да, жазда да жарақат алып қалуы мүмкін. Жазатайым жағдай үйдің ішінде де сыртта да кездеседі. Кейбір жазатайым жағдайлар балаларына жауапты ата-аналардың салғырттығынан орын алып жатады. Қай жерден қандай қауіп келетінін алдын ала болжап біле алмайсыз. Дегенмен де, баланы сақтандырып қойып, сапалы медициналық көмек алуға әрі дәрігерлер мен емделуге кеткен шығыстарды өтеп алуға мүмкіндігіңіз бар.

Сақтандыру жағдайы

Ағаштан, велосипедттен, шарбақтан құлау, қайнақ суға және химиялық заттармен күйіп қалу, сынық, ЖКО, кененің шағуы және иттің тістеуі, салқын тию, күн өту, спортпен айналысу кезінде алған жарақаты, сынық және т.т.

Балаға арналған сақтандыру қалай жұмыс істейді?

Сақтандыру бағдарламасына 2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар кіреді. Сақтандыру жағдайы туындаған кезде ата-аналар дереу шартта көрсетілген сақтандыру компаниясының медициналық мекемесіне жүгінуге тиіс. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Сізге құжаттар беріледі.

Солар арқылы сіздер сақтандыру ақшасын аласыздар. Сақтандыру төлемі шарт талаптарына қарай, нақты бір сомада болады не болмаса сақтандырылушы шығыстарының бір бөлігін ғана өтейді. Сақтандыру төлемінің мөлшері балаға келтірілген зиянның ауырлығына қарай белгіленеді.

Сақтандыруды қандай мерзімге ресімдеу керек?

Балаңызды балалар лагерінде демалу уақытына сақтандыра аласыз. Бұл күндері Сіздің балаларға қарауға мүмкіндігіңіз болмайды. Балаңызды тіпті бір күнге, мысалы спорттық іс-шараларды өткізу уақытына сақтандыруға болады. Бұл – жаз бойына арналған сақтандыру. Балаңызды, сонымен қатар, ұзақ мерзімге де сақтандыруға болады. Бұл әсіресе спорттық секцияларға үнемі қатысатын оқушылар үшін өте маңызды.

Мұқият есте сақтаңыз:

  • Баланы ауырған кезде емдеу жазатайым жағдайдан сақтандырумен өтелмейді.
  • Оқушылар жазда көп жарақат алады.
  • Ұлдардың жарақаттануы қыздарға қарағанда 2-3 есе көп болады.

white-arrow Тізімге