Күмәнді ұйымдардан қарыз алмаңыз! «Сенімсіз кредиторлар» қармақтарына қалай түспеуге болады

time 30.08.2023

Соңғы жылдары азаматтар төмен пайызбен берілетін әрі құжаттар топтамасы аз болатын ақшаны уәде ететін заңсыз жұмыс істейтін кредиторлардың құрбаны болып жатады. Ұқсас алаяқтық схемаларды кредиттік тарихы нашар, банктерде немесе МҚҰ-да ресми түрде кредит рәсімдей алмайтын адамдарға бағытталған.

Осындай заңсыз жұмыс істейтін кредиторлардың құрығына түсіп қалмас үшін, Fingramota.kz-пен бірге талдап көрейік.

«Сенімсіз кредиторлар»  – жеңілдікті онлайн-қарыздар рәсімдеу бойынша қызметтер көрсететін, лицензиясыз жұмыс істейтін ұйымдар. Олар интернетте және әлеуметтік желілерде агрессивті жарнамамен азаматтардың назарын аудартып, оларға пайыздық мөлшерлемесі төмен әрі артық төлем болмайды деп уәде береді. Сондай-ақ заңсыз жұмыс істейтін кредиторлар банктер мен МҚҰ үшін кредиттік тарих, кірістердің деңгейі, зейнетақы аударымдары, еңбек өтілі және басқа да құжаттар сияқты маңызды мәліметтерді елемейді. Қаскүнемдерге керегі – сізді қызықтырып, кредит алдырту.

«Сенімсіз кредиторлар» қалай жұмыс істейді?

1-схема. Қарыздар бойынша ең төмен пайыздар

Алаяқтар сенгіш азаматтарға қарыздардың төмен пайыздарын ұсынады, сол арқылы олардың назарын аудартады. Олар азаматтарға психологиялық түрде ықпал етеді: егер олар дәл қазір кредит алмаса, жақын арада пайыздардың өсетінін айтып, асықтырады, оларды қиын терминдермен шатастырып, қарыз талаптарымен мұқият танысып шығуға уақыт бермейді.

Заңсыз жұмыс істейтін кредиторлар – ақшаны шұғыл керек ететін адамдар болғандықтан, олар айла-шарғының барлық түрін қолданады, бастысы адам келісіп, шартқа ойланбастан қол қоюы керек. Әрине, нақты ескертілген мерзімдер жайында сөз болу тіпті мүмкін емес. Алаяқтар бүкіл соманы тіпті келесі күні де сұратуы мүмкін. Бұл жерде ойынға заңсыз жұмыс істейтін коллекторлар кірісіп кетеді, ал алаяқтар олармен бірлесіп жұмыс жасайды. Клиентті бопсалап, жақындарын айтып қорқытып, мүлкін бүлдіріп немесе тіпті дене жарақатын да қолдануы мүмкін.

Сыйақы мөлшерлемесінің қолданылу талаптарын есептеу қағидаларына сәйкес, республиканың барлық қаржы институты Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне бағдарлануы тиіс. Кредиттерді тек ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген тиісті лицензиясы бар ұйымдардың ғана беретінін ескеру қажет.

2-схема. Қарызды мақұлдауға арналған код

Қарызды рәсімдеу кезінде заңсыз жұмыс істейтін кредиторлар сақтандыруға немесе құжаттарды жылдам рәсімдеу қажет деген сылтаумен жиі қосымша сома сұратып жатады. Бұдан басқа, қарыз алушыдан клиент ұсынған деректердің дәйектілігін растау немесе қарызды мақұлдау үшін, жіберілген хабардан әлдебір кодты хабарлауын өтінеді.

Бірақ, шын мәнінде, алаяқтар бұл код арқылы қарыз алушының мобильді банкингіне қол жеткізіп, олардың шоттарынан барлық ақшаны ала алады.

3-схема. Кредитті есептен шығаруға көмектесемін

«Сенімсіз кредиторлар» тек кредит берумен ғана шектелмейді. Кредиттері бар адамдарға алаяқтар қарызды төлеу міндеттемелерін өздеріне алуды ұсынуы мүмкін. Клиентке олардың банктер мен микроқаржы ұйымдарында танысы бар екенін айтады, егер банкке қарыздың бір бөлігін ғана төлесе, мысалы, 10%-ын немесе 40%-ын төлесе, онда олар қалған соманы есептен шығаруға көмектеседі деп сендіреді. Адам ақшасын алаяқтарға бергенде, олар оған арнайы сервис арқылы кредит толығымен өтелді деген хабарлама жібереді. Алайда, берешек сол күйінде қалады, ал клиент ақшасынан айырылады.

4-схема. Кредиттік тарихыңызды түзетіп беремін

Сондай-ақ «Сенімсіз кредиторлар» қызметтерінің тізіміне сіздің кредиттік тарихыңыздағы ақпаратты азын-аулақ ақыға жаңарту қызметі бар ұсыныс кіреді. Бірақ алаяқтар бұл рәсім үшін құпия ақпаратты, оның ішінде төлем карталарының барлық дерегін жағдайды толық білу үшін деп түсіндіріп, талап етеді. Ал одан кейінгі жағдай түсінікті, «Сенімсіз кредиторлар» барлық деректі пайдаланып, клиентке үлкен соманы рәсімдейді, ал клиент оны бірден біле алмайды. Бұл жағдайға сіздің қатысыңыздың жоқтығын дәлелдеу тіпті мүмкін емес, себебі алаяқтар клиенттің ешкімге жария етуіне болмайтын жеке деректерін пайдаланды.

«Сенімсіз кредиторлардан» қалай қорғануға болады?

1. Ұйымның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген лицензиясының бар-жоғын үнемі тексеріп отырыңыз. Егер лицензиясы болмаса, онда күдікті кредиторлардың қызметтерінен бас тартып, ресми ұйымдардың көмегіне жүгініңіз.

2. Ұйымнан құжаттардың толық топтамасын ұялмай сұрап, олармен танысып шығыңыз. Қарыз талаптарын мұқият оқып шығып, ауызша уәделерге сенбеңіз. Сізге құжаттармен танысып шығуға уақыт бермей, асықтырған жағдайда, осындай ережелермен жұмыс істейтін ұйымнан кредит рәсімдеу жайлы мұқият ойлану қажет.

3. Еліктіретін ұсыныстарға сенбеңіз. Төмен пайыздық мөлшерлеме, жылдам рәсімдеу және сіздің барлық қаржылық мәселеңізді шешуге уәде беру – сіздің заңсыз жұмыс істейтін кредиторға тап болғаныңызды білдіреді.

4. Сізді алдауға жол бермеңіз. Әңгімелесу, қаржылық операциялар жүргізу және қарыз талаптарын талқылау барысында психологиялық қысым жасауға жол беруге болмайды. Егер сізді эмоцияларыңыз арқылы басқаруға әрекет жасалып жатқанын сезсеңіз, әңгімені бірден тоқтатыңыз.

5. Онлайн-кредит рәсімдеу кезінде ұйымның қызметкері жеке кездесуді табанды түрде ұсынатын болса, сақ болыңыз. Иә, ресми банктерде немесе МҚҰ-да онлайн-кредит рәсімдеудің белгілі бір кезеңінде жеке қатысуыңыз талап етілуі мүмкін, алайда бұл соңғы сатыда қажет болады. Ал «Сенімсіз кредиторлардың» сізбен жеке кездeскілері келуінің себебі - мұндай жағдайда психологиялық қысым жасау оңайға соғады.

Сақ болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

white-arrow Тізімге