Отбасылық бюджет

time 4.12.2018

Отбасылық бюджет — отбасыңыздың шығыстары мен кірістерін есепке алу. Қаражатты жинақтап, сатып алынатын нәрселерді жоспарлау үшін оны жүргізген жөн. Өзіңізді болашақтағы қаржылық дағдарыстардан қорғау үшін шығыстарыңызды ойластырып алыңыз – оны қай кезде бастасаңыз да кеш емес.

Бірінші кезекте кірістеріңіз бен шығыстарыңызды көрсететін кесте жасап алуыңыз қажет. Осылайша сіз әлі де «көтеретін» санаттарды объективті түрде бағалай аласыз.

Егер үнемі ақшаңыз жетпейтін болса, не істеу қажет?

Адамның қанша ақша тапса да, барын, тіпті одан да көп (кредиттік карточкалар, қарыздар) жұмсайтын әдеті болса, ол қарызға батады. 

Үнемі көп тапқысы келгенімен, ол көмектеспейді. Мұндай жағдайда ай сайынғы шығыстарды қысқарту қажет. Оны қалай істеуге болады?

  • Ірі заттарды сатып алуды жоспарлау қажет. Ірі заттарды сатып алған кезде ай сайын белгілі бір соманы ғана төлейтіндей етіп, бір жылға теңдей бөлген жөн. Қарызға батқанша, қажетті ақшаны ертерек жинап алғаныңыз дұрыс.

  • Электр энергиясын, жарықты, газды және суды үнемдеп жұмсаңыз. Түнде жарықты немесе телевизорды сөндіруді ұмытып кеткен, шәйнекті оттан алуды уақтылы алмай, 10 минут артық қайнаған кездерді еске түсіріңізші. Сіз әлі де қызатын лампаны пайдаланатын болсаңыз, оларды үнемді люминесцентті немесе жарықдиодты лампаларға ауыстырыңыз.

  • Тамақты үнемдеп сатып алыңыз. Тамақты көтере сататын дүкендерден аптасына бір рет сатып алғаныңыз дұрыс. Бұл сізге біраз арзанға түседі. Күнделікті азық-түлікке жұмсалатын шығысты есептеп, тізімді жасап отырып алсаңыз, сіз қажет емес нәрсе сатып алмайсыз. Қымбат емес, үнемді ораулардағы сапалы өнімді ғана сатып алыңыз.

  • Өзіңіз дайындаңыз. Жартылай фабрикаттарды сатып ала отырып, біз жақсы ақшаға сапасы төмен өнім сатып аламыз. Кесек етті сатып алып, оны үккіштен өткізіп алыңыз. Ал үйде котлеттер, тұшпараларды немесе басқа тағамдарды өзіңіз дайындаңыз. Уақыт көп кеткенмен, ол арзанырақ әрі пайдалырақ.

  • Тұрмыстық химия мен гигиена құралдарын сатып алған кезде үнемдеңіз. Азық-түлік сияқты тауарлардың бұл санатын да көтерме дүкендерден сатып алыңыз, сол арқылы сіз ақшаңыздың бестен бірін үнемдейсіз.

  • Киімге, жиһазға, тұрмыстық заттарға, тұрыстық техникаға ұқыпты қараңыз. Ұзақ пайдаланылған сайын оларды қайта сатып алу қажеттілігі де азаяды. Сынып қалған не үзіліп кеткендерін жөндеп алыңыз.

  • Киімді сатып алған кезде де үнемдеңіз. Сондай тауарды интернет-дүкендерден жақсы жеңілдікпен сатып алу оңайырақ. Мөлшеріңіз бен тауардың артикулын анықтасаңыз болды. Тапсырыс жасай отырып, сіз қажетті нәрсені айтарлықтай жеңілдікпен ала аласыз. Тіпті базардан сатып алып, мысалы саудаласып, айтарлықтай үнемдеуге болады. Көп затты бір адамнан сатып алу арқылы жеңілдік алуға болады. Тіпті дара кәсіпкерлер сатып алатын көтерме базарға да баруға болады. Заттарыңызды екі есе дерлік арзан аласыз!

  • Көлік шығыстарын қысқартуды ойластырыңыз. Балаларға мектепті жақын жерден іздестіріңіз, жаяу көбірек жүріңіз. Қаланың ішінде әрлі-берлі аз жүру үшін баратын жерлеріңізді ертерек жоспарлар алыңыз.

  • Үнемделген ақшаны кредиттеріңізді мерзімінен бұрын өтеуге жұмсауға болады. Осылайша пайыздарды өтеуге жұмсалатын шығыстарыңыз азаяды.

Ақшаны қандай валютада жинаған тиімді?

Сарапшылардың пікірінше, доллар одан әрі өсе береді, бірақ ұзақ уақыт жинақтау үшін Қазақстан валютасы тиімдірек.

Зейнеткерлікке қанша қалдыру қажет?

Қартайған шағыңызда дәрі-дәрмекке, тамаққа және немерелерге сыйлық алатын ақшасыз қалмас үшін бюджетіңізді қазірдің өзінде қайта қараңыз. Ақшаны қалай дұрыс жинақтап, қайда салу және неден тартыну қажеттігін осы жерден білесіз.      

Бірінші кезекте депозиттерге назар аудару қажет, себебі ол, біріншіден, кепілдікпен қайтарылатын, екіншіден, шартта белгіленген, кепілдік берілген кірісті беретін жалғыз қаржы құралы болып табылады.  

Егер бос қаражат болса, инвестициялаудың түрлі мүмкіндіктерін қарастыруға болады. Олардың бірі – ұзақ мерзімді, жылжымайтын мүлікке салынатын инвестиция.  
Сонымен бірге ерікті зейнетақы жарналары да бар – салымшылардың өз қалауымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақшасы.  

Ақша Қазақстанның заңнамасында және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалған тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы жарналары есебінен төленетін болады.

«Қауіпсіздік жастығы» қандай болуы қажет?

Қаржылық қауіпсіздік жастығы – белгілі бір жинақталған ақша көлемі, негізгі кіріс көзінен айырылған кезде онымен белгілі бір уақыт өмір сүруге болады. Басқаша айтқанда, ол «қор» немесе «артқа сақтаған ақша».

 «Қауіпсіздік жастығы» деген кезде автомобильдегі осы аттас, апат жағдайында жүргізуші мен жолаушыларға тиетін соққыны жеңілдететін жастық (airbag) еске түседі. «Ақша жастығы» да дәл осылай ықтимал дағдарыстан, жұмыстан босап қалудан және өмірдегі түрлі «апаттардан» сақтайды. Қаржылай қорыңыз болса, психологиялық тұрғыдан сіз өзіңізді айтарлықтай қорғап, сенімдірек боласыз, аяқ астынан автомобиліңіздің бұзылуы немесе төбеңізден көршілеріңізден су кетуі сізді алаңдата қоймайды.

Қауіпсіздік жастығын қалай жасауға болады?

  • Айына қанша жұмсайтыныңызды айқындап алыңыз. Шығыстарыңыз бен кірістеріңізді есепке алуыңыз қажет. Егер сіз оны бұған дейін жасап жүрсеңіз, онда ай сайынғы шығындарыңызды есептесеңіз болғаны. Егер олай болмаса, бір-екі ай барлық шығындарыңызды жазып не еш уайымсыз бір ай өмір сүру үшін қанша ақша қажет екенін білу қажет. Жеке қаржыңызды дұрыс есепке алу үшін мынаны оқыңыз (сілтеме). 

  • Өзіңіздің «сақтандыру» мерзіміңізді таңдаңыз. Қаржылық қауіпсіздік жастығын жасау үшін қажетті оңтайлы кезең 3 және 6 айды құрайды. 

  • Қажетті соманы есептеңіз. Қаржылық қауіпсіздік жастығының мөлшері мынадай формуламен айқындалады: ай сайынғы шығыстар сомасын ай санына көбейтіңіз. Мысалы, егер сіз айына 100000 теңге жұмсайтын болсаңыз, ал қажетті қорыңызды 3 айға жасағыңыз келсе, онда сіз 300 000 теңге жинақтауыңыз қажет.

  • Кейінге қалдыруды бастаңыз. Жалақыңыздың қандай пайызын бір айға кейінге қалдырғыңыз келетінін ойлаңыз. Оның көлемі неғұрлым үлкен болған сайын, ойлаған мақсатыңызға да соғұрлым тезірек жетесіз. Мысалы, әр жалақыңыздан 10% немесе 20%.

Қауіпсіздік жастығын жасаудың негізгі талаптары:

  • Қол сұқпаушылық. Кейінге қалдырылған ақшаны жұмсауға үзілді-кесілді болмайды. Оны қандай оқыс жағдайларда пайдалануға болатынын жазып қойыңыз.
  • Қаражатты жылдам алу мүмкіндігі. Оқыс жағдай туындаған кезде шұғыл ақша қажет болады, автомобиліңізді немесе жылжымайтын мүлкіңізді сатуға уақыт болмайды.
  • Инфляциядан қорғау. Жинақтаған ақшаны банкте, түрлі валютамен депозиттік шоттарда сақтағаныңыз жөн.

white-arrow Тізімге