Мерекелер қарсаңында маркетингтік компаниялардың «мен мұндалаған» ұсыныстары мен тиімді жеңілдіктер мен акциялары көздің жауын алады. Дәл осындай «бұрын-соңды болмаған» ұсыныстар азаматтардың эмоцияға беріліп, асығыс сатып алуларға әкеліп, тіпті білімі мен танымы жоғары адамдар жеңілдіктер дүрбелеңінің соңына еріп кетеді. Алайда, мұндай дүрбелең кезінде алаяқтар да бос жатпайды, олар азаматтарды алдап-арбау амалдарын барынша қолданып қалады.
Алаяқтарға тап болмай және қажетсіз шығындарға, әсіресе, жомарт жұма күні ұшырамаудың жолдарын Fingramota.kz жобасына киберқауіпсіздік, АТ және коммуникациялар саласындағы тәуелсіз сарапшы Евгений Питолин айтып берді.
Сәтті жұма ауқымды сатылымдар мен тұтынушылық дүрбелеңнің белгісіне айналды. Бұл кезеңде алаяқтар да барынша қарманып, бар айла-шарғыларын тәжірибесіз және аңғал сатып алушыларға қолданып жатады.
Дәлме-дәл: фишингтік шабуыл
Жаппай сатылымдар кезеңінде алаяқтықтың кеңінен тараған түрлерінің ішінде жалған веб-сайттар көш бастайды. Тиімді мәмілеге қол жеткізгісі келетін сатып алушылар алаяқтардың сайтына кездейсоқ түсіп қалулары мүмкін, нәтижесінде олар барлық ақшасынан немесе дербес ақпаратынан айырылып қалады. Қаржылық алаяқтық түрлерінің бірі - қаскүнемдер төлем карталарының деректемелерін, дербес деректерді, SMS-кодты алу мақсатымен кеңінен танымал интернет-дүкеннің, маркетплейстің не әлеуметтік желінің көшірмесін жасайды.
Клон-сайттар, әдетте, ресми сайт сияқты болып көрінеді және бір қарағанда, олардың жалған парақшасын осындай жағымсыз жағдайды басынан кешірген адам ғана танып біле алады. Интернет-алаяқтар бірнеше секундтар ішінде сіздің шотыңызды, әсіресе, сіз жалған сайтқа тап болсаңыз, тазалап кетулері мүмкін.
Алаяқтар Facebook, Instagram, Telegram, алаяқтық парақтар арқылы әлеуметтік желілерде де белсенділік танытады және азаматтарды сөзге тартып, олармен белсенді хат жазысып, белгілі бір тауарды бүгін және бұрын-соңды болмаған жеңілдікпен сатып алуға үгіттейді. Сізге жіберілген ұсыныстарға өз деректеріңізді енгізсеңіз болды, алаяқтар сіздің дербес деректеріңізге ие болады.
Күдікті сілтемелерге кірмеңіз және сатушы жөніндегі ақпаратты үнемі тексеріп отырыңыз.
Шоколадтың бағасына телефон: психологиялық әсер ету
«Жеңілдіктер!»: тіпті бұл дүкеннен сізге еш нәрсе қажет болмаса да сіз бәрібір онда кіресіз. Себебі адам солай жаратылған. Оны алаяқтар жақсы біледі. Олар тиімді ұсыныстармен адамдарды тарту үшін белгілі брендтердің атауларын әккі пайдаланады. Егер сізге «күдікті» төмен бағаға тауар мен қызмет ұсынып, сатушы мұндай акция бір күн ғана жүреді деп толық алдын ала төлем жасауды ерекше талап етсе, онда сіз 100% алаяқтарға тап болдыңыз. Мұндай әбден әккі болған алаяқтар әдейі қымбат тауар/қызметке хабарландырулар жариялайды және жақсы жеңілдік береді мыс. Олардың жалғыз міндеті психологиялық айла-шарғылардың көмегімен неғұрлым көп адамдар тарту. Нәтижесінде, «сатып алушы» тауарсыз және ақшасыз қалады. Мұндай жағдайларда судың да сұрауы бар екенін естен шығармау керек.
Толық құнын жібермес бұрын сайтты зерттеуге, дүкеннің құжаттарын, ақы төлеуге арналған шотты талап етуге кеңес береміз. Егер сатушының сайтында байланыс орнату дерегі ретінде e-mail мекенжай ғана көрсетілсе, бұл күмән тудыруы қажет. Пікірлерді оқып, сайттың сыртқы түрін, бөлімдерін зерделеңіз.
Құрықсыз қармақ салу: спуфинг шабуыл
Кез келген дүрбелең кезінде алаяқтар көпке белгілі фишинг шабуылдар жасамай тұрмайды. Олар азаматтардан ақшаны көбірек алдап алу үшін өздерін банктер немесе белгілі өндірушілер немесе танымал дүкендер ретінде көрсетіп, спамдар мен фишинг электрондық хаттар жібереді. Алаяқтар басқа адамның телефон нөмірін пайдаланып, телефон соғады немесе SMS-хабарлар жібереді. Олар адамдардың сеніміне кіру үшін өздерін нақты компанияның қызметкері ретінде таныстырады. Қаскүнемдер үшін бастысы – психологиялық әдістерді пайдаланып, тауарды немесе көрсетілетін қызметті ұтымды бағамен сатып алуға итермелеу.
Мысалы, алаяқтар өзінің болашақ құрбанына сәтті жұмаға орай бір күндік науқан жүріп жатқанын хабарлап, шоттан ақша аудару үшін жеке деректерді айтуын сұрайды, SMS-хабармен келген құпия кодты хабарлауын өтінеді. Осы ақпараттың көмегімен қаскүнемдер шоттан ақшаны аударып, клиенттің атына үлкен сомаға кредит ресімдеп жібереді.
Басты қағида – ешқашан және ешкімге дербес деректерді, өзіңіздегі мобильді, қаржылық және өзге де сервистерден қандай да бір идентификаттау ақпаратын хабарлауға болмайды.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаудың бес жолы
Сайттың шындыққа сәйкес келуін тексеру. Асықпаңыз. Бірдеңе сатып алмас бұрын веб-сайттың сенімділігіне көз жеткізіңіз. Танымал платформаларды немесе сенімді онлайн-дүкендерді пайдаланыңыз. Күмән тудыратын домендер және сенімсіз URL-мекенжайлар алаяқтық белгісі болуы мүмкін.
Пікірлер мен рейтингтер – нашар деген сөз емес. Дүкен немесе өнім туралы басқа сатып алушылардың пікірлерін оқыңыз. Бұл сізге компанияның беделі туралы нақты түсінік қалыптастыруға көмектеседі.
Өте ұтымды, өте арзан, бәрі «өте». Мұндай ұсыныстардан сақ болыңыз. Тіпті жаппай сатылым болса да, жақсы зат арзан тұрмайды. Алаяқтар көбіне құрбанының назарын аудару үшін жақсы жеңілдіктермен арбайды.
Бейтаныс адамдардан келген хаттарға мұқият болыңыз. Банктерден немесе ірі бөлшек желілерден-мыс келген фишинг электрондық хаттар құрыққа түсіруі мүмкін. Жеке немесе қаржылық ақпаратты электрондық хаттар немесе сенімсіз веб-сілтемелер арқылы ешқашан жібермеңіз.
Бастысы – ақы төлеудің қауіпсіздігі. Сатып алған затыңыз үшін ақы төлеу кезінде виртуалды картаны пайдаланыңыз, еркін WI-FI-мен төлемеңіз, мүмкіндігінше VPN-ді қосыңыз.
Алаяқтардың арбауына түспес үшін осындай схемалар туралы үнемі хабардар болып отырыңыз. Тек осылай ғана сіз Сәтті жұмада барынша ұтымды сауда жасай аласыз. Болуы мүмкін қауіптер туралы туыстарыңыз бен жақындарыңызды міндетті түрде ескертіңіз. Тәуекелді барынша азайтуға болады, бастысы – қалай азайта білу.
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма