ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылдың № 19 қаулысына сәйкес кредиттік бюро бұрын 90 күннен астам мерзімінің өтуіне жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесін қарыз алушы мынадай талаптарды сақтаған кезде береді:
Қарыз алушы өзінің кредиттік тарихын түзету үшін тағы нені білу керек?
Бұрын 90 күннен астам мерзімі өткен кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесі мерзімі өткен берешектің өтелгенін көрсетеді.
Бұл ретте банк өзінің кредиттік саясаты негізінде қарыз алушының кредит қабілеттілігін айқындау құқығын өзіне қалдырады.
1. Кредиттік тарих субъектісі кредиттік бюроға ол туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап өзі туралы кредиттік есепті алуға құқылы.
2. Жиынтық деректер негізінде қарыз алушының скорингтік бағасы қалыптасады, қарыз алушының мәртебесі «жақсы» немесе «нашар» деп бағаланады.
3. Бұл өзінің негізгі борыштық көрсеткіштерін бағалауға және қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік береді. Мысалы: қарыз алушы бірнеше кредит алды, оларды дұрыс төлейді, бірақ кредит санының көп болуы теріс көрсеткіш болып табылады. Тиісінше, кредит тарихы жақсы болуы үшін жоғарыда айтылғанды ескеру қажет.
Сондай-ақ субъектіге енгізілген деректердің дұрыстығына және мерзімі өтіп кетудің болмауына көз жеткізу мүмкіндігі ұсынылады.
Мысалы: қарыз алушы өтелмеген берешек үшін төлем жасады, бірақ олар үшін пайыз жинақталған және мерзімін өткізіп алу тіркелген бірнеше теңгені ғана құрайтын қарызды ескермеді.
Кредиттік тарих мониторингі қарыз алушыны алаяқтардан қорғайды.
Мысалы: егер алаяқтар қарыз алушының деректерін иеленіп кредит алса, олардың әрекеттері қарыз алушының кредиттік тарихында бейнеленеді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кез келген азамат күнтізбелік жыл ішінде бір рет жеке кредиттік есепті, заңды тұлға – корпоративтік есепті алуға құқылы екенін біліп жүріңіз.
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Франкфурт аукционы: не білу қажет?
Қаржы пирамидаларын қалай тануға болады: негізгі белгілері