Егер коллекторлар мазаңызды ала берсе, не істеу керек?

time 31.03.2021

Егер коллекторлар мазаңызды ала берсе, не істеу керек? ⠀ 

❗Алдымен коллекторлық агенттікте қаржы реттеушісі лицензиясының бар-жоғын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан тексеріңіз. ⠀ 

🤝Коллектор мен кредитор арасындағы шартты міндетті түрде тексеріңіз, онда қарыздың өндіріп алу үшін берілгені не коллекторларға берілгені көрсетіледі. ⠀ 

✉️Құқықтарыңыз бұзылған жағдайда коллекторлық агенттікті банк заңнамасын және «Коллекторлық қызмет туралы» заң талаптарын сақтауы тұрғысынан тексеру үшін қаржы реттеушісіне жазбаша өтінішпен жүгініңіз. 

⠀ ❓Қайда жүгіну керек: 1️⃣ info@finreg.kz электрондық поштасы бойынша; 

2️⃣ Жазбаша нысанда мына мекенжайға: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй, жедел желі телефоны: +7 (727) 237 1000.

 3️⃣ Өңірлік өкілдер басқармасы (тұрғылықты жер бойынша).

white-arrow Тізімге