ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жүргізген талдау негізінде банк секторының жиынтық активтері 2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша шілде айында 0,1%-ға немесе 30,3 млрд теңгеге ұлғайып, негізінен банктік қарыздардың 1,8%-ға (295,4 млрд теңге) және басқа банктерде орналастырылған салымдардың 6,6%-ға (286,2 млрд теңге) өсуі есебінен 34, 8 трлн теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктердің шамамен 12, 4 трлн теңгені немесе активтердің 35,8%-ын құрайтын жоғары өтімді активтерінің елеулі қоры бар. Өтімділік қоры банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Банк секторы міндеттемелерінің құрылымы негізінен банктердің жиынтық міндеттемелерінің 80,2%-ын немесе 24, 5 трлн теңгені құрайтын депозиттік портфельмен ұсынылған. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар және басқа банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар сияқты өзге де міндеттемелердің үлесі тиісінше 5,2%-ды және 1,9%-ды құрады.
01.08.2021ж. жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар: негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 20,2%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті – 25%, бұл жүйе бойынша орташа алғанда белгіленген ең төменгі талаптардан айтарлықтай асып түседі.
Ағымдағы жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша банктер өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішімен салыстырғанда 80,5%-ға ұлғайып, 812,2 млрд теңге мөлшерінде таза пайда алды (01.08.2020ж. жағдай бойынша – 449,9 млрд теңге). 01.08.2021ж. банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 3,43%-ды (01.08.2020ж. – 3,56%), капитал рентабельділігі (ROE) – 27,58%-ды (01.08.2020ж. – 26,98%) құрады.
01.08.2021ж. жағдай бойынша банктердің кредиттеуінің жиынтық көлемі 2021 жылғы шілдеде 1,9%-ға ұлғайып, 16 трлн теңгені құрады.
Экономикаға ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 2021 жылғы шілдеде 2,3%-ға, ал жыл басынан бастап 8,4%-ға – 12,7 трлн теңгеден 14,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер іс жүзінде өзгерген жоқ, жеке тұлғаларға 3,7%-ға ұлғайды.
Салалық бөліністе банктердің экономикаға кредиттерінің неғұрлым елеулі сомасы өнеркәсіп, оның жалпы көлемдегі үлесі – 14,2%, сауда - 10,9%, құрылыс - 3,3% және көлік - 2,8% сияқты салаларға тиесілі.
Халыққа ипотекалық кредит беру көлемі 2021 жылғы шілдеде 4%-ға ұлғайды, 2021 жылдың басынан бастап 2, 37 трлн теңгеден 2,7 трлн теңгеге дейін 14,5%-ға ұлғайды. Азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына арналған кредиттер 2021 жылғы маусымда 4%-ға, 2021 жылы – 4,39 трлн теңгеден 5, 1 трлн теңгеге дейін 18,2%-ға өсті.
90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі кредиттік портфельдің жалпы көлемінде 4,8%-ды немесе 819,2 млрд теңгені құрап, 2021 жылғы маусымда 19,2 млрд теңгеге немесе 2,4%-ға ұлғайды. Жеке тұлғалардың портфелінде 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі 4,4%-ды, ШОБ-ты ескере отырып, заңды тұлғалардың портфелінде – 5,4%-ды құрады.
Банктердің несие портфелінің жалпы көлеміндегі мерзімі өткен қарыздардың үлесі 7,5%-ды немесе 1, 2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 73,2%-ды құрады.
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2021 жылғы шілдеде 0,3%-ға және 2021 жылдың басынан бастап 14,1%-ға ұлғайып, 25, 2 трлн теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 2021 жылғы маусыммен салыстырғанда 12,9 трлн теңгеге дейін 0,2%-ға ұлғайды (2021 жылдың басынан бастап 14,7%-ға ұлғайды), жеке тұлғалардың депозиттері 12,2 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға (2021 жылдың басынан бастап 13,5%-ға) ұлғайды.
Неғұрлым толық ақпаратты Агенттіктің: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/207220?lang=ru сайтынан алуға болады
Агенттік Алматы қаласы колледждерінің студенттері арасында қаржылық сауаттылық бойынша «Финатлон» II...
«Пирамида құрушылардың» жаңа схемалары: шынайы кейстер
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қазақстанда азаматтардың банкроттығы: ол қалай жұмыс істейді және қандай жаңалықтар енгізілді