Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елдегі төтенше жағдайдың енгізілуін ескере отырып, 2022 жылғы 11 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы хабарлайды.
Екінші деңгейдегі банктердің көпшілігі бөлімшелері мен құрылғыларының толыққанды жұмыс істеуін қалпына келтірді.
Екінші деңгейдегі банктердің нақты бөлімшелерінің жұмысы туралы барынша толығырақ ақпаратты call-орталықтардан және мобильдік қосымшалардан нақтылау қажет.
Сонымен бірге 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Агенттіктің Call-орталығы жұмысын қайта бастағанын хабарлаймыз.
Call- орталықтың телефоны : +7 (727) 237 1000
Жұмыс істеу кестесі дүйсенбі – жұма, сағат 9.00 – 16.00 аралығы
2022 жылғы 11 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы
|
Екінші деңгейдегі банктер |
Республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) |
Басқа қалалар |
|
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ |
09:00-17:00 |
Түркістан - 10:00-17:00 Тараз - 10:00-17:00 Талдықорған – бөлімшелер уақытша жұмыс істемейді |
|
«Kaspi Bank» АҚ |
09:00-18:00 |
Қарағанды - 09:00-17:00 |
|
«ForteBank» АҚ |
09:00-17:00 |
Ақтау - 09:00-16:00 |
|
«Банк ЦентрКредит» АҚ |
09:00-16:00 |
Қазақстанның бүкіл аумағында 09:00-16:00 |
|
«Сбербанк России» АҚ ЕБ |
09:00-17:00 |
Ақтау - 09:00-16:00 Орал - 09:00-18:00 Шымкент – валюталық операциялар мен халықаралық аударымдар жүргізілмейді |
|
«Еуразиялық банк» АҚ |
09:00-17:00 |
Ақтау - 09:00-15:00 |
|
«Банк Хоум кредит» АҚ |
09:00-17:00 |
Қызылорда - 09:00-16:00 Түркістан - 09:00-16:00 Тараз - 10:00-13:00 |
|
«Jusan bank» АҚ |
09:00-16:00 |
Ақтау - 09:00-15:00 |
|
«Отбасы банк» АҚ |
09:00-17:00 |
Қазақстанның бүкіл аумағында 09:00-17:00 |
* - нақты бөлімшелердің жұмыс істеу режимін тікелей банктерден нақтылау қажет
Цифрлық алдау: криптопирамидаларды қалай тануға болады
Кредит алмас бұрын: ақылмен қалай қарыз алуға және ол үшін өкінбеуге болады
Жаңа жыл алдындағы тур: саяхатшылар үшін пайдалы лайфхактар
Неліктен бұдан былай кредиттер бірден берілмейді: «шешім қабылдау кезеңі» туралы
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жалған брокерлер бас көтерді: өз ақшаңызды жоғалтып алмаудың жолдары